Жүкті әйелдін қылмыс істеуі -Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылықка ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу — осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған байланысты мұңдай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы көміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.