Қылмыстық мінез-құлық механизмі – бірнеше ықтимал мінез-құлық нұсқаларының ішінде қылмыстық жолды таңдауға және жүзеге асыруға итермелейтін тұлғаның психикалық жай-күйі мен процесстерінің сыртқы ортамен байланысы
Осы тізбектегі негізгі жүйе – ниет. Ниеттің қалыптасуының негізінде қажеттіліктер жатыр, сол арқылы сыртқы ситуациялар санаға ықпал етеді, ал қажеттіліктердің өздері тұлғаның сыртқы ортамен байланысының нәтижесі болып табылады.
Ниетті жүзеге асыру жолдары мен құралдарын таңдау нақты ситуацияға тәуелді болады. Ол субъектіге нақты мақсатының қалыптасуына ықпал ететін ниет таңдауын береді. Мақсат тұлға әрекеттерінің болашақ нәтижелері ретінде көрініс береді.
Ерік қылмыстық мінез-құлық механизмінің елеулі элементі болып табылады. Ерік дегеніміз – ішкі және сыртқы кедергілерден өтуді талап ететін тұлғаның өз іс-әрекеттерін саналы түрде реттеуі.
Тұлғаның ерік-жігері оның мақсат қоя білуінен, батыл шешімдер қабылдай алуынан, табандылығы мен бірбеткейлігінен, дербестігінен көрінеді.
Бұл жүйе қылмыс жасау туралы шешім қабылдаумен және оны нақты қылмыстық әрекет арқылы жүзеге асырумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |