Име шаңырақ. Шаңырақтың ағаштан иіп жасалған түрі (Әр түрлі тақырыптар, 66-бет)
Имек қуысқұлақ қ о л ө н е р. Ағашты оюға, оймалап тесуге арналған қашау түрі. “Ағашты оюға және ойып тесуге арналған құрал – қашаудың жадағай қуысқұлақ, и м е к қ у ы с қ ұ л а қ деген түрлері пайдаланылады”(Әр түрлі тақырыптар, 66-бет)
Имен жүндеу- сойылған түйе терісін қайнаған суға салып жібітіп жүнін алу. “Имен жүндеу- түйе терісін қайнаған суға салып балбыратып қойып жүнін суыру”(Әр түрлі тақырыптар, 66-бет)
Инеқап з а т. Инелерді салып қоюға немесе алып жүруге арналған құрал. “...Дәстүрлі қазақы ортада ауқатты отбасындағы әйелдер өздері қолданатын инелерін и н е қ а п т ы ң түтікше пошымда жасалған түрлеріне салып, шашбауына, шолпысына тағатын немесе тісшұқығыш, құлақшұқығыш тәрізді құралдармен бірге ұштайтын. Мұндай и н е қ а п т а р жеке коллекцияларда ғана кездеседі” (Әр түрлі тақырыптар, 66-бет)
Инеқармақ з а т. Әртүрлі мөлшердегі инеден иіп жасалған қармақ. “И н е қ а р м а қ тез жасалғанмен өте сынғыш болып келеді. ...Кейде жіңішке темірден, шегеден иіп жасаған әттіксіз қармақтарды да и н е қ а р м а қ деп атау кездеседі”(Әр түрлі тақырыптар, 66-бет)
Инетігіс з а т. Қол инені пайдалану арқылы тігілетін тігіс түрі. “Дәстүрлі ортада, негізінен, кестелеу, жамау және т.б. істерде и н е т і г і с қолданылған. И н е т і г і с к е ине мен жіптің (кейде тарамыс, қыл, таспа) алуан түрлері қолданылған” (Әр түрлі тақырыптар, 67-бет)
Инешаншығыш з а т. Инелерді жоғалмас үшін шаншып қоятын шағын ғана жастықша немесе мата қиындысының атауы. “Инені и н е ш а н ш ы ғ ы ш қ а ұшымен тік шаншуға болмайды. ...Сондықтан ине и н е ш а н ш ы ғ ы ш т ы ң беткі жағына көлбеу шаншылады”(Әр түрлі тақырыптар, 67-бет)