Имени с. Аманжолова


Практикалық (семинарлық) сабақтар мазмұны



бет8/20
Дата14.06.2023
өлшемі447,59 Kb.
#101383
түріПрограмма дисциплины
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
866863374185 4 Силлабус БАЗАЛЫК СПОРТ

7. Практикалық (семинарлық) сабақтар мазмұны
Тақырып 1. Дене мәдеиеті түрлері мен әлеуметтік қызметтері.
Тапсырма: Қарастырылатын сұрақтар:
1. Дене мәдениеті, оның бөлімдері.
2. Дене мәдениетінің қызметтері.
3. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы.
4. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру.
Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12], қосымша [2,5,7]
Тақырып 2. Дене тәрбиесінің амалдары.
Тапсырма: Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Дене тәрбиесінің амалдарына сипатама беру.

  2. Дене тәрбиесі жаттығулары, техникасы, қозғалыс сипатамалары туралы айту.

  3. Дене тәрбиесі жаттығуларының топтары.

  4. Дене жаттығуларының ағзаға әсерін сипаттайтын себептер.

Әдістемелік ұсыныстар: жазылған конспектіні және тақырып бойынша жазылған әдебиеттерді оқу. Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, тест сұрақтарына жауап беру.
Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12], қосымша [2,5,7]
Тақырып 3. Дене тәрбиесінің амалдары. Жаттығуларды топтау.
Тапсырма: Әртүрлі белгілеріне қарап жаттығуларды топтауға үйрету. Негізгі жаттығуларға жақындататын, дайындық жаттығуларын таңдай алу іскерлігін қалыптастыру.
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
1. Жаттығуларды топтау не үшін қажет?
2. Қандай жаттығу топтарын білесіз?
3. Жаттығу топтарына жеке-жеке сипаттама беріңіз.
Жұмыс ағымы:
1. Мына жаттығуларды қай топқа жатқызасыз?
А. Шаңғымен жүгіру.
Б. Орнынан ұзындыққа секіру.
В. Қозғалмалы ойын «тышқан - мысық».
Г. Екі әдіспен арқанға өрмелеу
Д. Волейбол. Допты жоғарыдан беру.
2. Мына жаттығуларды негізгі, жақындататын, дайындық деп бөл:
А. Алдыға аунап түсу.
Б. Шалқадан жатып кеудені көтеру.
В. Артқа, алдыға арқамен аунау, группировка жасау.
3. Мына жаттығуларға жақындататын және дайындық жаттығуларын ойластыр:
А. Жүгіріп келіп, «аяқты бүгіп секіру».
Б. 100 метрге жүгіру.
В. Граната лақтыру.
Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12], қосымша [2,5,7]
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет