Егу жұмысын өткізуге терісі мен шырышты қабықтардында іріңді зақымдануы және қолында жеңіл болса да жарақаттары жоқ, дені сау медициналық қызметкерлеріне рұқсат беру
Вакцинацияны өткізу алдында:
а) егу кабинетіндегі еденді, қабырғаларды, жиһазды дезерітіндімен сүртіп, үстел мен кушетканың үстіне залалсыздандырылған жайнама төсеу;
б) вакцинациялаушы тырнақтарын қысқа алуы, таза халат, қалпақ киюі, білезіктері мен сақиналарын шешуі, қолды сабындап мұқият жууы, саусақтарының ұшын спиртпен сүртуі тиіс
БЦЖ вакцинациясын және туберкулинодиагностиканы өткізуге арналған құрал-жабдықтарды бөлек сақтау
Вакцина препаратарын дұрыс сақтау принципі
Вакциналарды тоңазытқышта сақтау
Ашылған ампуладағы вакцинаны, аннотацияда рұқсат берілген болса, залалсыздандырылған салфеткамен (және БЦЖ, қызылша, мысқыл, «тримовакс» вакциналары үшін жарықтан сақтайтын конуспен) жабылып, тоңазытқышта сақталса, ашылғаннан кейін 2-4 сағат ішінде пайдалануға болады
Қолдану алдында вакцинаны тексеру принцибі
Енгізу алдында вакцинаның қолдану мерзімін, вакцинаның қораптағы және ампуладағы (флакондағы) атын, ампуланың жағдайын (шытынау, жарылу), вакцина препараттың жағдайын (түсі, жіп тәріздес болуы, жапалақтар және т.б.) тексеру
Вакцинаның енгізу техникасын сақтау принцибі
БЦЖ – тері ішіне ғана енгізіледі
АКДС, АДС, АД-М, АДС-М – бұлшық ет ішіне енгізіледі,