Егуді қатаң түрде егу кабинетiнде мамандырылған мейiрбике жүргiзiедi
Түрлі вакциналарды бір күнде салуға болады, әр қайсысын жеке шприцпен және дененің түрлі аймағына салу. Бірақ БЦЖ вакцинасын парентералді енгізетін басқа вакциналармен бір күнде салуға болмайды
Егер вакциналар бүр күнде салынбаған болса, тірі вакциналарды енгізу аралығы 4 аптадан кем болмауы тиіс. Тірі және өлтірілген вакциналардың арасында интервал сақталмайды.
Иммуноглобулин немесе қан препаратын енгізгеннен соң қызылшалық және паротиттік вакциналарды енгізуді кем дегенде 3 айға кейін ығыстырады; АКДС, АДС, АДС-М, АД-М вакциналарын интервалсыз енгізеді.
Қызылшалық, паротиттік және БЦЖ вакциналарын енгізгеннен кейін иммуноглобулинді енгізу үшін интервал 2 аптададан кем болмауы тиіс. АКДС, АДС, АДС-М, АД-М вакциналарынан кейін интервал сақтамайды.
«Ашық флакондар» саясаты. Парентералді енгізетін вакциналары үшін «ашық флакондар» дегеніміз қақпағын ашпай, ішіндегі вакцина шприцпен тесіп алынған флакон.
Келесі шарттарды сақтаса «ашық флакондарды» қолдануға болады:
препараттың сақтау мерзімі –тпеген болса;
дұрыс темперературада сақталса (00+80С);
стерильдігі сақталса;
вакцинаның көзге көрінетін өзгерістері болмаса.
АКДС, АДС, АДС-М, АД-М, полиомиелиттік, «В» және «А» гепатитке қарсы вакциналардың «ашық флакондарын» жоғарыдағы ережелер сақталса, 3 күн бойы қолдануға болады.
Қызылшаға, паротитке, қызамыққа, туберкулезге, сары қызбаға қарсы вакциналар ерітілгеннен соң 3-6 сағат ішінде қолдану.
«Ашылған флакондардың» этикеткасына флаконды ашқан мезгілін, уақытын белгілеу.
«Ашық флакондар» саясаты.ампулада шығарылатын вакциналар үшін жарамайды.