Лекция 8. Би-қозғалыстық терапия.
Би терапиясы шығармашылық биден бастау алады. Терапиядағы би – таныстыру биінен айырмашылығы – сезімдерді спонтанды босату және құрылымданбаған қозғалыс формаларын қолданады. Би терапиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін танымал болды, оған көп септігін тигізгендердің біріи Мэриан Чейс.
Би терапиясының мақсаты: өз денесінің сана сферасын кеңейту; дененің жағымды образын дамыту; сезімдерді зерттеу және терең топтық тәжірибені жасау. Дене мен сана арсындағы өзара қатынас би терапиясы үшін фундаменталды болып табылады.
Би терапиясындағы топ жетекшісі бидегі серіктес, режиссер, катализатор бола алады. Терапевт қозғалыс репертуарын кеңейту және топ мүшелерінің спонтанды қозғалыстарының көрінуімен жұмыс жасайды, басқалар мен өзін зерттеуге қауіпсіз қоршағае орта қалыптастырады. Би терапевті кеңістікте қозғалуға, босаңсыуға, басқаруға, дем алуға құрылымданған жаттығуларды қолданады. Лабанның талпыныс формасы жүйесі қозғалыс репертуарын кеңейтуге, қозғалысты диагностикалау үшін қолданады.
Би терапиясының көптеген бағыттарына психоаналитикалық теория әсер етті. Сэлкиннің "Дене-Мен" техникасы өзіндік тепе-теңдік сезімін күшейту үшін мақсатқа бағытталған физикалық қозғалыстарды қолданады. П.Бернстайннің би-қозғалыстық терапиясы (символдық рөл ойыны) ритуалын қолданады және даму тоқырауын жеңу және жасырын сезімдерді зерттеуге арналған қиял. Пессоның Психомоторлы тренингі қозғалыс арқылы эмоцияны шығаруға акцент жасайды.
Би терапиясы алғашында тек қана ауыр бұзылыстары бар адамдарға арналған болса, бүгін эмоцияларын шығаруға, топтық өзара әрекеттесуге, қанағат алу сезімдерін дамытуға, психологиялық қиындықтары бар дені сау адамдарға арналады.
Лекция 9. Арт-терапия.
Арт-терапия психотерапиядағы жаңа әдіс болып табылады. АҚШ-та ең алғашқылардың бірі болып, Маргарет Наумбург айналысты. Ол спонтанды сурет салу, жапсыру арқылы ішкі «Мен» визуалды формада сыртқа шығады деген Фрейдтің идеясына сүйенді. Арттерапияға Фрейдтің бейсаналық теориясымен қоса, Юнгтің ойлары да әсер етті. Арттерапия психотерапия аймағында да, жеке өзі де қолданыла береді.
Арттерапия шығармашылық құзыреттілікті жоғарылатуға, тұлғалық құндылықтарды күшейтуге, сезімдерге деген зейінді дамытуға, диагностикалау жұмыстары мен интерпритациялауға, психотерапиялық процессті жылдамдатуға көмекші құрал ретінде, уайымдар мен конфликтерден босауға қызмет етеді. Арт-терапияда жабыстыру мен сурет салу суретші талантының көрінуі емес, қиял іс-әрекетінің спонтандылығы. Арт-терапиямен айналысатын терапевтер сублимация түсінігінің маңыздылығына үлкен көңіл аударады.
Алғашында арттерапия применялась ауруханалар мен психиатриялық клиникаларда, өте ауыр халдегі аурулармен жұмыс жасауға арналған терапия түрі болатын, ал қазіргі таңда, арттерапия өте кең ауқымды клиенттер контингентіне арналады және ақырындап өзінің алңашқы негізі, психоаналитикадан алшақтап жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |