Революция (лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді.