Информационное письмо



бет15/17
Дата15.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#68121
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Сил.Астрономия

Әдебиет: 2/М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §149-§155 стр 328-343 ;
3/П.И.Бакулин, Э.В.Кононович,В.И. Мороз «Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§161-163 стр 448-454

14 дәріс


Тақырып: Галактикадан тыс Астрономияның негіздері. Хаббл заңы

Мақсаты: галактикадан тыс астрономияның негіздерімен таныстыру, Хаббл заңын оқып-үйрену, галактикалар туралы ұғымдарын кеңейту.

Дәрістің мазмұны:


  1. Хаббл бойынша галактикалардың классификациясы.

  2. Хаббл заңы.

  3. Галактикалардың физикалық қасиеті.

  4. Галактикалардың ядролары.

Барлық галактикалар сыртқы формасы бойынша 4 негізгі түрлерге бөлінеді:

  1. Эллиптикалық галактикалар (Е);

  2. Спиральді галактикалар (S);

  3. Дұрыс емес галактикалар (I);

  4. Пекулярлық галактикалар.

Эллиптикалық галактикалар айқын көрінетін шегі жоқ эллипсоид тәрізді болады. Олардың жарықтануы шегінен ортасына дейін өседі, ал ішкі құрылымы бақыланбайды.
Спиральді галактикаларға бақыланатын галактикалардың жартысынан көбі жатады. Олардың ортасындағы ядросынан бірнеше спираль тәрізді тармақтары шығады.
Дұрыс емес галактикалардың ортасында ядро болмайды және жұлдыздар орналасуында ешқандай симметрия бақыланбайды. Олардың жарықтануы төмен болады.
Пекулярлық галактикаларда жоғарыда қарастырылған түрлерге жатқызуға мүмкіндік бермейтін кейбір ерекшеліктері болады.
Бір түрге жататын галактикалардың да массасы, жарықтануы және өлшемдері бойынша айырмашылықтары үлкен бөлу мүмкін.
Галактикалардың айқын көрінетін шегі сирен кездеседі, ал ең үлкен спиральді және эллиптикалық галактикаларда жұлдыздар ортасынан 15-20 кпс қашықтықта бақыланады.
Галактикалардың айналатын қасиеті болады, олардың сыртқы бөліктерінің айналу периодының реті  жыл. Егер ергежел галактикаларды есептемесек, галактикалардың орташа массасы  Күн массасына тең болады.
2. Біздің Галактикаға ұқсас галактикалардың ядроларының белсенділігі төмен болады. Кейбір спиральді галактикалардың спектрлерін талдағанда. Олардың ортасында энергияның өте үлкен мөлшерін шығаратын табиғаты мүмкін жұлдыз емес нысанның болатындығы туралы ой келеді.
Сейферт галактикалар деп аталатын галактикалардың ортасынан жылдамдығы 8500 км/с жететін газ газ бұлттарының қозғалысы бақыланады.
Кейбір жарылатын галактикалардың әр түрлі жақтарға таралатын толық масса  Күн массасы тең болады.
Барлық галактикалар радиотолқындарды шығарады. Бірақ кейбір галактикалар шығаратын радиотолқындардың ағыны олардың оптикалық нұрының қуатына тең немесе үлкен болады. Мұндай галактикаларды радиогалактикалар деп атайды. Мысалы, Ақку А деп аталатын радиогалактикаға қашықтық 170 Мпс. Одан келетін радиотолқындар қуаты олар энергиясы  Дж тең жарылыс нәтижесінде пайда болатындағын көрсетеді.
1963 ж. бізден 500 млн. пс және одан үлкен қашықтықта орналасқан жұлдыздарға ұқсас нысандар ашылған. Қазіргі заманға дейін 200 астам квазарарлар деп аталатын осындай нысандар зерттелген. Олардың өлшемдері онша үлкен болмасада (бірнеше оң мың а.б.), шығаратын оптикалық нұрдың қуаты жүздеген ең жарық галактикалардың қуатына жақын.
Квазарлардың ең ғажап қасиеті – олардың оптикалық және радиодиапазондағы нұрдың айнымалылығы. Жарықтанудың тербелістерінің периоды, өзгеріп тұрады және 1 аптағада тең болу мүмкін. Квазарлардың табиғаты әлі белгісіз.
3.Кәдімгі жағдайда Галактикалар оңшақты мүше кіретін топтар түрінде кездеседі. Жиі жағдайда бұл топтар мындаған галактикалар кіретін жинақтарға қосылады. Біздің Галактика үш алпауыт спиральдың галактика (біздің Галактика, Андромеда және тағы бір галактика) және 15 жуық ергежелі эллиптикалық және дұрыс емес галактикалар тұратын Жергілікті топтың құрамына кіреді.
Жұық шамамен галактикалардың жинақтарының өлшемгі 3 Мпс болады. Жеке жағдайларда олардың диаметрлері 10-20 Мпс дейін болуы мүмкін.
Кейбір пікірлер бойынша галактикалардың жинақтары тағы бір жүйені – Асқынгалактиканы түзеді. Оның диаметры 50 Мпс, ал массасы  Күн массаларына тең болу мүмкін.
Қазіргі көзқарас бойынша галактикалар негізінде сутегіден тұратын газ бұлттардан пайда болады. Газ бұлттың концентрациясы ортасында жоғары болады. Алдымен газ бұлттың формасы сфералық болған. Егер газ бұлттың айналу жылдамдығы кішкентай болса, оның ішіндегі магнит өріс әлсіз болып, газ қысылып, эллиптикалық галактика ауысады. Тез айналатын сфералық бұлттың магнит өрісі күшті болып оның әсерінен бұлт спираль галактикаға ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет