Информация о проведении Облумц



Pdf көрінісі
бет14/71
Дата01.02.2017
өлшемі4,22 Mb.
#3181
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

97 



кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет,  

Сабақтарда  пәндер  бойынша  жүргізілетін  практикалық  және  зертханалық 

жұмыстарды  талдау,  жинақтау,  бағалау,  болжау,  есептеу,  түсіндіру, 

құбылыстар  мен  процестердің  сапалық  және  сандық  сипаттарын  анықтау, 

жобалық  тапсырмалар  орындау,  тәжірибелер  және  эксперименттер  жасау 

дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 

Өлшеуіш  ресурстары  бар  дәстүрлі  және  электрондық  форматтағы  білім 

және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) 

жан-жақты  қолдану  арқылы  жүргізілген  түрлі  оқу  жұмыстары  тәжірибеге 

бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи 

технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және 

биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар: 

– 

оқу  материалын  зерделеу  барысында  мультимедиа-технологияларды 



пайдалануды; 

– 

оқушылар  мен  мұғалімдердің  күнделікті  оқу  жұмысында 



компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын; 

– 

пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды; 



– 

оқу  телекоммуникациялық  жобаларды  орындау  барысында 

оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін; 

– 

Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу 



және өңдеуді; 

– 

есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды; 



– 

виртуалды  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  жүргізуді 

қарастырады. 

Сандық  зертханалар  ғылыми-жаратылыстану  бағытындағы  түрлі 

зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. 

Олардың  көмегімен  пәннің  оқу  тақырыптары,  сондай-ақ  басқа  тақырыптар 

бойынша  да  көптеген  жұмыстар  жүргізуге  болады.  Зертхананы  қолдану  оқу 

жұмысының  көрнекілік  дидактикасын  айтарлықтай  жоғарылатады.  Сандық 

зертханалардың  құралдары  жан-жақты,  оның  құрамына  оқушылар  мен 

мұғалімдердің  уақытты  үнемдеуіне,  «дала  жағдайында»  өлшеу  жұмыстарын 

жүргізуге  қажетті  түрлі  эксперименттік  құрылғылар  қосылуы  мүмкін.  Олар 

өлшеу  жұмыстарының  параметрлерін  жеңіл  өзгертіп,  оқушыларды 

шығармашылыққа  тартады.  Сонымен  бірге  бейнеталдау  жасауға  арналған 

бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал 

ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты 

жағдаяттарды  зерттеуге  мүмкіндік  туады,  сондай-ақ  оқу  және  танымал 

бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады. 

Сабақтарда  және  сабақтан  тыс  уақытта,  оқу-зерттеушілік  және  өмірлік 

жағдаяттарда  география,  физика,  химия  және  биология  пәндерінен  алған 

білімдерін  қолдану  біліктерін  дамытатын  есептерді,  тапсырмаларды  және 

жаттығуларды  кеңінен  қолдану  ұсынылады.  Оқу  тапсырмаларын  әзірлеу 

барысында  Ы.Алтынсарин  атындағы  ҰБА  басылымдарында  ұсынылған, 

халықаралық  салыстырмалы  PISA  және  TIMSS  зерттеулерінде  қолданылатын 

тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.  



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

98 



«Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндері  аясында  сыныптан  тыс, 

экскурсиялық-экспедициялық  түрлі  жұмыстар  ұйымдастыру  ұсынылады. 

Сабақтарда  міндетті  түрде  өлкетану  аспектісі  қарастырылуы  тиіс.  Сабақ 

барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу 

дағдылары  мен  біліктерін  дамытуға  жағдай  жасалуы  тәжірибеге  бағытталған 

оқытуға тиімді әсер етеді. 

3.  Мектеп  оқушыларының  зерттеушілік  қабілетін,  зейінін  және 

байқағыштығын,  логикалық  ойлауын  және  шығармашылық  қиялын,  есте 

сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді 

баспасөз  басылымдардың,  интернеттің,  білім  берудің  сандық  ресурстарының 

ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды. 

Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде 

жүзеге  асырылатын  зерттеушілік  дағдыларды  дамыту  барысында,  тұлғаның 

жеке  қасиеттерін  дамытуға  бағытталған  оқытудың  мақсаттары  жүзеге 

асырылады. 

«Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндерін  оқытудың  ерекшеліктерін 

есепке  ала  отырып,  оқушылардың  жеке  зерттеушілік  жобалар  орындауы 

маңызды  болып  табылады.  Оқушылардың  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту 

бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады: 

– 

теориялық  зерттеулер  (ақпаратпен  және  модельдермен  жұмыс  істеуге 



бағытталған  танымның  теориялық  әдістерімен  байланысты  топтық  және  жеке 

жұмыстар); 

– 

эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар); 



– 

жеке зерттеушілік жобалар. 

Практикалық  және  зерттеушілік  жұмыстар,  зертханалық  тәжірибелер 

орындау,  эксперименттер  және  эксперименттік  есептер  шығару,  жобалар 

орындау,  модельдер  құрастыру  барысында  табиғи  және  әлеуметтік-

экономикалық  процестердің,  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  мәнін  түсіну 

тереңдетіледі.  Оқушылар  себеп-салдарлық  байланыстарды  көре  білулері, 

қоршаған  ортадағы  өзгерістерді  анықтай  алулары,  нақты  жағдаяттардың 

салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары 

тиіс. 


Физика,  химия  және  биология  мұғалімдері  кабинеттердің  жабдықталуын 

және  оқытудың  электрондық  құралдарын  ескере  отырып  практикалық  және 

зертханалық  жұмыстардың,  практикумдардың  тақырыптарын  өз  беттерінше 

таңдай  алады.  Зертханалық  және  практикалық  жұмыстар  орындау  барысында 

(зертханалық 

жұмыстарға 

арналған 

дәптерде) 

сыныптың 

барлық 


оқушыларының  жұмыстары  міндетті  түрде  бағаланады.  Географиядан 

бағаланатын  практикалық  жұмыстар  оқу  бағдарламасында  көрсетілген  және 

номерлермен белгіленген. 

Мектеп  оқушыларына  оқыту  процесі  барысында  экологиялық  білім  және 

тәрбие беру  ең  алдымен  табиғаттың  тұтастығы, ондағы  құбылыстардың өзара 

қарым-қатынасы  және  олардың  шарттарының  себебі  туралы  көзқарас 

қалыптастырумен  байланысты.  Білім  беру  саласы  пәндері  курсын  зерделеу 

кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

99 



туралы,  Жерде  тіршіліктің  болуы  үшін  біздің  планетамыздың  атмосферасы 

және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың 

қоршаған  ортаға  және  тіршілік  процестеріне  әсері,  зиянды  факторлардың 

әсерінен  тірі  табиғатты  қорғау  шаралары,  табиғи ортаны  өзгертудің  (сонымен 

қатар  оқушылардың  өздері  қатысатын  жағдайларды  қоса  алғанда)  апатты 

салдары  туралы  нақты  көзқарас  алулары  тиіс.  Оқушылар  Жердің,  материктің, 

елдің,  өзінің  туған  өлкесінің  табиғат  кешеніндегі  өзара  байланысты  жақсы 

түсінулері тиіс. 

Бұл  тәрбие  жағынан  қарағанда  өте  маңызды,  себебі  оқу  пәндерін 

«экологияландыру»  оқушыларды  экология  мәселелерімен  таныстырып  қана 

қоймайды,  сонымен  қатар  оларды  табиғатты  жауапкершілікпен  қорғауға 

тәрбиелейді.  Табиғатты  жауапкершілікпен  қорғау  көзқарасы  табиғатты 

қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.  

Сабақтан  тыс  уақытта  келесі  экологиялық  зерттеулерді  жүргізу 

ұсынылады: 

– 

табиғат кешендерінің экологиясы; 



– 

мектеп ішіндегі жарықты өлшеу; 

– 

түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу; 



– 

мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін 

өлшеу; 

– 

сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері; 



– 

топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері; 

– 

ортаның абиотикалық факторлары; 



– 

урбандалған аумақтардың экологиясы; 

– 

гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау; 



– 

қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.  

Пәндердің  оқу  бағдарламалары  табиғаттағы  процестер  және  адам                                

іс-әрекеті  туралы  білімді  қамтиды.  Сабақтарда  экологиялық  проблемаларды 

шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту 

мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс. 

Ақпаратты  жинақтау  және  зерттеу  үшін  сабақ  барысында  газеттердің, 

журналдардың,  фильмдердің,  бейнетаспа  материалдарының,  веб-сайттар  мен 

әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады. 

Пән  бойынша  академиялық  лексика  қалыптастыру  үшін  сабақта 

терминологияны  қолдану  бойынша  жұмысты  әрдайым  жүргізіп  отыру  қажет. 

Оқушылардың  терминдерді  дұрыс  пайдалануын  қамтамасыз  ететін  ауызша 

және  жазбаша  тапсырмалар  қолдану  ұсынылады.  Білім  алушылардың  білім 

жетістігін  бағалау  барысында  академиялық  лексиканың  дұрыс  қолданылуына 

көңіл аудару қажет.  

Сапалық  және  сандық  есептерді  шешуге  бірдей  деңгейде  көңіл  аудару 

керек,  себебі  құбылыстардың,  процестердің  мәнін  түсіну  және  олардың 

шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет. 

Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу 

құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

100 



болып табылады.  

Білім  алушылардың  ғылыми-зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  үшін 

жоғары  оқу  орындары  мен  мектеп  оқушылары  сарайлары  жанындағы  іштей 

және  сырттай  мектептерге  қатысу  ұсынылады.  Оқушыларға  атом  энергиясы 

бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік 

қоғамы» қоғамдастығының  іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын 

өткізетін  «Kazatomexpo»  көрмесінде  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған 

арнайы бағдарламалар ұйымдастырады. 

Бұл  бағдарламалар  түрлі  интерактивті  форматтарды  қамтиды.  Оқушылар 

атом  электр  стансасының  жұмысын  зерделеуге  мүмкіндік  беретін,  «басқа 

планетадан  келушілердің  атомды  шабуылынан  –  құйынға  дейін»  атты  түрлі 

ойын  сценарийлерін  жүргізумен,  «Алақандағы  АЭС»  қосымшасымен  таныса 

алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about 

Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы 

ақпаратты:  alternativenergy.ru;  aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-

house.ru/alternativnaya-

energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады. 

Георафия  және  биология  сабақтарында  «Қазақстан  ұлттық  географиялық 

қоғамы»  республикалық  қоғамдық  ұйымы  материалдарын  пайдалану 

ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz 

ЭКСПО-2017  көрмесі  жұмысының  бағыттары  туралы,  сонымен  қатар 

дүниежүзілік  бұрынғы  көрмелердің  материалдарын  келесі  сілтемелер  арқылы 

алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; 

http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017 

4.  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндері  сабақтарындағы  сыни  ойлау 

келесі  дағдыларды  дамытуды  қарастырады:  мәнмәтінді  есепке  ала  отырып 

тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан 

оқушылардың  бақылау,  талдау,  пайымдау  және  түсіндіру  дағдыларын 

қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды: 

– 

пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға; 



– 

олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға; 

– 

тұжырымдамалар  және  қорытындылармен  қоса  алғанда  негізгі 



дереккөздерді салыстыруға және талқылауға; 

– 

жеке  тәжірибесінің  молаюына  қарай  өзінің  көзқарастары  мен 



болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады. 

Мұғаліммен  жұмысты  талқылау,  талдау  және  шешімдерді  алдын-ала 

қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде 

түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек 

көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі: 

1)  Ақпаратпен  танысыңыз.  Тапсырма  оқу  барысында  алынған  ақпаратқа 

да,  оқулықтар,  энциклопедиялар  немесе  web-сайттар  тәрізді  бірнеше 

дереккөзден  жинақталған  ақпаратқа  шолудың  немесе  сауалнаманың 

қорытындысына да қолданылуы мүмкін. 

2)  Дәлелдер  негізінде  жатқан  зерттеуді  құрылымдайтын  немесе  келесі 

әрекетті  анықтайтын  негізгі  пунктерді,  пікірлерді  немесе  болжамдарды 

анықтаңыз. 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

101 



3)  Ақпараттың  негізгі  компоненттері,  көзбен  шолу  және  ауызша 

дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.  

4) 

Жеке 


компоненттер 

арасындағы 

ұқсастықтарды 

және 


айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз. 

5) Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы 



білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз. 

6)  Дәлелдемелердің  анықтығын  және  дәйектілігін,  сонымен  қатар 

дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы 

келетінін бағалаңыз. 

7)  Сұрақтардың  жауаптарын  түсіндірудің  нәтижесінде  алынған  білімді 

қолданыңыз. 

8)  Тұжырымдалған  шешімдерді  дәлелдеңіз,  олардың  өзектілігі  мен 

маңыздылығын негіздеңіз. 

5.  Жаратылыстану,  география,  физика,  химия  және  биология 

сабақтарындағы  пәнаралық  байланыстар  қоршаған  әлемдегі  процестер  мен 

құбылыстардың  өзара  байланысын  көрсете  отырып,  бір  пәнді  оқу  барысында 

басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды 

дамытуда ерекше рөл атқарады.  

Дидактика  тұрғысынан  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  оқытудың 

ғылыми  деңгейін  жоғарылатады,  оқу  материалының  мазмұнына,  мұғалім 

қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше 

жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді. 

«Жаратылыстану»  білім  беру  саласы  пәндерінің  сабақтарында  пәнаралық 

байланысты  қолдану  ғылыми-жаратылыстанудың  негізін  құрайтын  –  «өмір», 

«адам»,  «табиғат  кешені»,  «экономика  және  экология»,  «зат»,  «дене», 

«энергия»,  «күш»,  «қозғалыс»  және  «даму»  ұғымдарының  қалыптасуында 

маңызды рөл атқарады. 

Пәнаралық  байланыстар  зерттеудің  (эксперименттік  әдіс,  жобалық  және 

модельдеу  әдісі  және  т.б.)  жалпы  әдістерінде  қолданылуы  мүмкін.  Мұғалімге 

пәнаралық  байланыстың:  бұрынғы,  жалғаспалы  және  келешекті  түрлерін 

қолдану ұсынылады. 

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын 

оқу  барысында,  басқа  пәндерден  бұрын  алынған  білімдерге  сүйенуді 

қарастырады  (мысалы,  жаратылыстану,  география,  биология  курстарынан 

алынған білім). 

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар 

мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады 

(мысалы,  дыбыс  туралы  түсінік  физикада,  ал  есту  органдары  –  биологияда 

оқылады және т.с.с). 

Келешекте  пәнаралық  байланыстар  материалды  бір  пәннен  оқу,  сол 

материалды  басқа  пәндерден  оқудан  бұрын  жүзеге  асырылады  (мысалы, 

атомның  құрылысы  туралы  ұғым  физика  пәнінде  химияға  қарағанда  бұрын 

оқытылады).  Бұл  жағдайда  химия  мұғалімі  физикадан  алынған  білімге 

сүйенеді. 

6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму 


Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

102 



стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», 

«жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің 

ғылыми-теориялық  және  практикалық  мәнін  зерделеу,  аймақтық  және 

жергілікті  аспектіде  олардың  қолданбалы  ерекшелігін  түсіну,  «Мәңгілік  Ел» 

ұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  контексінде  жаһандық  геоэкономикалық 

кеңістікте  тұрақты  дамып  келе  жатқан  ел  ретінде  Қазақстан  Республикасы 

туралы  ғылыми  негізделген  көзқарас  қалыптастыру  және  дамыту  маңызды 

болып  табылады.  Сабақтардың  тәрбиелік  мақсаты  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 

қамтып отыру тиіс. 

«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін 

стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады. 

7. Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті 

элементтерінің  бірі.  Оны  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы,  сабақ  барысында 

алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты 

қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  пайда  болады.  Үй  тапсырмасын 

тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет: 

– 

үй  тапсырмаларын  оқулық  параграфтарын  жаттап  алуға  және 



тапсырмаларды  орындауға  ғана  пайдалануға  болмайды.  Шығармашылық, 

эксперименттік,  проблемалық  сипаттағы  есептерді,  тапсырмаларды  және 

жаттығуларды көбірек қолдану қажет;  

– 

үй  тапсырмаларына  оқушылардың  өз  оқу  әрекеттерінің  нәтижелеріне 



өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу; 

– 

үй  тапсырмасына  мазмұны  және  орындалу  түрі  бойынша  түрлілігімен 



ерекшеленетін тапсырмалар беру;  

– 

үй  тапсырмасының  көлемін  анықтау  барысында  оқушылардың  жеке 



және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс. 

8.  Білім  беру  саласы  пәндерінен  қолданбалы  курстардың  немесе  таңдау 

курстарының 

ұсынылатын 

тақырыптар. 

Тақырыптар 

мұғалімдердің 

мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін: 



Биология:  «Тамақтану  және  денсаулық»,  «Экологиялық  этика», 

«Биология  және  денсаулық»,  «Әлемнің  заманауи  ғылыми-жаратылыстану 

бейнесі»,  «Әлемнің  інжу  маржаны  (7–9-сынып  қыздары  арналған  курс)», 

«

Менің  денсаулығым  –  менің  қолымда»,  «Тірі  жасуша  жұмбақтары», 



«Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Тері – денсаулық айнасы».  

География:  «Әлеуметтік-экономикалық  географияның  математикалық 

модельдері  және  әдістері»,  «Қазақстан  географиясын  оқудағы  жобалық 

технологиялар»,  «Туған  өлкедегі  әлеуметтік-экономикалық  процестерді 

модельдеу»,  «

Қазақстанның  энергетикалық  әлеуетінің  дамуы»,  «Еліміздің 

жасыл  энергетикасы»,

 

«География,  тарих,  өнер:  қиылыстары  және  өзара 



байланысы». 

Физика: «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикадан 

ашылуларды қалай жасайды»,  «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және 

олардың  адамға  әсері»,  «Физика  және  компьютер»,  «Физикалық-техникалық 

модельдеу», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».  



Химия:  «Экологиялық  химия»,  «Күрделілігі  жоғары  химиялық  есептерді 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

103 



шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру 

(кіріктірілген  курс)»,  «Бейметалдар  химиясы  және  өмір»,  «Ойланып  қалған 

химия»,  «Химия  және  қоғам»,  «Химияның  тарихы»,  «Химия,  ғылыми 

фантастика 

шығармаларының 

негізі 


ретінде», 

«Химик-зертханашы 

мамандығымен танысу», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», 

«Тамақтық  қоспалар:  плюстері  мен  минустері»,  «Косметика:  кеше,  бүгін, 

ертең»,  «Ас  үйдегі  химия»,  «Күнделікті  өмірдегі  заттар  және  материалдар», 

«Химиялық  есептерді  шығару  әдісі»,  «Химиядан  эксперименттік  есептерді 

шығары әдісі». 

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға 

ұсынылатын ресурстар: 

1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/ 

2. 

Қазақстан 



Республикасының 

Энергетика 

министрлігі: 

http://energo.gov.kz/ 

3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/ 

4.  «Эврика»  –  білім  беру  мекемелерінде  авторлық  эксперименталдық 

бағдарламаларды  жүзеге  асыратын,  650-ден  астам  мектеп  ұжымдарын 

біріктіретін  эксперименттік  алаңдардың  инновациялық  білім  беру  желісі: 



http://www.eurekanet.ru 

5. Bookz.ru  – 

электрондық  кітаптар,  журналдар  және  сөздіктер. 

Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа 

шығармалардың  алфавиттік  каталогы  да  қолжетімді,  яғни  кітаптарды 

алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru. 

6. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – 

өмірді  қамтамасыз  ету 

жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген 

энциклопедияларға  қарағанда  EOLSS  білімінің  ауқымы  тақырыптармен 

ұйымдастырылған.  Пәндердің  ішінде:  математика,  физика,  энергетика, 

табиғатты  қорғау  –  Жер  және  атмосфера  туралы  ғылым;  экология,  азық-түлік 

тағамдары  және  ауыл  шаруашылығы  туралы  ғылымдар,  адамзат  ресурстары 

туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.  

7. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.  

8. Britannica School – 

мазмұны  және  ақпараттары  кең  ауқымы,  онда 

мыңдаған  мақалалар,  бейнелер,  видео,  түпдеректер,  электронды  кітаптар, 

ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық 

контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында 

оқушылар  оқиды,  жазады,  зерттеулер  жүргізеді  және  жаратылыстану 

ғылымдары  саласындағы  өздерінің  сөздік  қорларын  байытады.  Кіріктірілген 

«Мұғалімдерге  арналған  сабақ  жоспары»  аталған  онлайн  ресурстың 

артықшылығы  болып  табылады,  бұл  жерде  мұғалім  өз  «Жоспарын»  жасауға 

немесе  басқа  мұғалімдер  құрастырған  «Жоспарды»  қолдануына  болады. 

Аталған  ресурсты  сынып  режимінде  де,  сонымен  қатар  үй  тапсырмасын 

орындау  барысында  және  олимпиадаларға  қатысу  үшін  қажетті  ғылыми  жоба 

орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).  

9.  «Сандардағы  және  картадағы  дүниежүзі  елдері».  Интерактивті 

анықтамалықтарда  дүние  жүзінің  алдыңғы  қатарлы  елдерін  сипаттайтын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет