Информатик а



бет26/56
Дата20.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#24150
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

- Өріс форматы – өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.

- Қолтаңба – сәйкес өріс атына  басқа баған тақырыбын береді.

Бұл пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті баған тақырыбының болуы керек жағдайда пайдалы.



6 Лекция



ТАҚЫРЫБЫ: ДЕРЕКЕТЕРДІ ТАЛДАУ. ДЕРЕКТЕРДІ БАСҚАРУ

 Деректер базасын басқару жүйесі – бұл қолданушыларға деректер базасын анықтауға, құруға және сүйеуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге оған қадағаланытын рұқсатты беретін бағдарламалық қамтама. ДББЖ қолданушының қолданбалы бағдарламалары және деректер базасымен өзара әрекеттесіп, келесі мүмкіндіктерге ие:



  1. Деректер базасын анықтау, әдетте деректер базасын анықтау тілі (DDL — Data Definition Language) арқылы іске асырылады. DDL тілі қолданушыларға деректер типін және олардың құрылымын көрсету құралдарын, сонымен бірге деректер базасында сақталатын ақпараттар үшін шектеулер қою құралдарын ұсынады.

  2. Деректер базасына ақпарат қою, жаңарту, жою және басқа да амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Әдетте бұл амалдар деректерді басқару тілі (DML — Data Manipulation Language) арқылы орындалады. Барлық деректер және олардың сипаттары үшін ортақтандырылған қойманың болуы DML тілін сұраныстарды ұйымдастырудың жалпы қүралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

  3. Деректер базасына қадағаланатын рұқсатты келесі құралдар арқылы пайдалануға береді:

  • бекітілмегін қолданушыларға деректер базасына рұқсат бермейтін қауіпсіздікті қадағалау жүйелері;

  • сақталатын деректердің өз-өзіне қайшы келмейтін күй-жағдайын қамтамасыз ететін бүтіндікті сақтау жүйелері;

  • деректер базасына ортақ рұсат беру үрдісін қадағалайтын қосымшалардың параллель жұмысын басқару жүйелері;

  • аппараттық не бағдарламалық қамтаманың жұмыстан шығу нәтижесінде бұзылған деректер базасын алдыңғы қайшы келмеу жағдайына дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қалпына келтіру жүйелері;

  • деректер базасында сақталатын ақпараттардың сипаттамалары енгізілген қолданушылар үшін каталог.

Қолданушыларға тек нақты қажетті деректерді ұсыну арқылы жұмысты жеңілдетумен бірге, бейнелердің басқа да ерекшеліктері бар:

  • Қосымша деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бейнелер кейбір қолданушылардан деректердің кейбір мәліметтерін жасыру мақсатында құрылуы мүмкін. Мысалы, бөлімдердің іс жүргізушілері және есеп-қисап бөлімінің есептеу секторының қызметкерлеріне барлық қызметшілер және олардың жалақылары туралы бейне құруға болады. Сонымен бірге, деректерге басқа қолданушылардың мүмкіндігін шектеу мақсатында тағы бір, мысалы, жалақылары туралы ақпарат алып тасталған бейне құруға болады. 

  • Деректер базасының сыртық интерфейсін баптау механизмін ұсынады. Мысалы, келісім-шарт бөлімінің қызметкерлеріАй сайынғы жалдық төлем атты өріспен жұмыс істеп, оған қарапайым Төлем деген атау бере алады.

  • Деректер базасының сыртқы интерфейсін оның құрылымына өзгерістер, мысалы, өрістерді қосу не жою, байланыстарды өзгерту, файлдарды бөлу, оларды қайта құру не атын өзгерту, енгізгенде де  қайшы келмеуге және өзгеріссіз қалуға мүмкіндік береді.

ДББЖ ортасында 5 негізгі компоненттерді бөліп көрсетууге болады: аппараттық камтама, бағдарламалық қамтама, деректер, процедуралар және қолданушылар.

         ДББЖ мен жмыс істеу үшін қандай да бір аппараттық бағдарлама қажет. Ол өте кең аралықта - жалғыз дербес компьютер не бір мейнфреймден көп санды компьютерлі желілерге дейін түрленуі мүмкін. Қолданылатын аппараттық қамтама нақты ұйымның және қолданылатын ДББЖ ның түріне байланысты болады. Кейбір ДББЖ лар операциялық жүйелердің не қондырғылардың тек нақты типтеріне арналса, басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалар және түрлі операциялық жүйелермен жұмыс істей алады. Әдетте ДББЖ мен жұмыс істеуге минимум оперативті және дискілі жады жұмсалады. Бірақ мұндай минимальды конфигурация жүйенің жарамды өнімділігіне жетпеуіне алып келуі мүмкін.

         Бұл компонент ДББЖ ның өзіндік бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы бағдарламаларды, егер ДББЖ желіде қолданылса, желілік бағдарламалық қамтамаларды өз ішіне алады. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada или Pascal сияқты үшінші ұрпақ тілдерінде не операторлары осы тілдердің бағдарламаларына енгізілетін SQL типті төртінші ұрпақ тілдерінде құрылуы мүмкін. Дегенмен, ДББЖ сұраныстардың процедуралық емес тілдері, есептер генераторы, графикалық бейнелер және толықмасштабты қосымшалардың көмегімен жылдам қосымшалар құру үшін өзінің арнайы төртінші ұрпақ құралдарына ие болуы мүмкін.

         ДББЖ ортасының ең маңызды компоненті болып деректер табылады. 4-суретте көрсетілгендей, деректер адам және компьютер арасында көпір ролін атқарады. Деректер базасы жұмыс, сонымен бірге, метадеректер, яғни «деректер туралы деректер» ден тұрады. Деректер базасының құрылымы сұлба деп аталады. 

         Процедураларға деректер базасын жобалауда дәне қолдануда есепке алынатын нұсқаулар және қағидалар жатады. Қолданушыларға және қызмет етушілерге берілген жүйені қолдану және күзету процедураларын толық қамтитын құжатнаманы беру қажет.

         ДББЖ ортасының соңғы компоненті – бұл жүйе қолданушылары. Олардың ішінен 4 түрлі топты бөліп көрсетуге болады:



  • деректер базасының администраторы;

  • деректер базасын құрушылар;

  • қолданбалы бағдарламаушылар;

  • ақырғы қолданушылар.

Деректер базасы және ДББЖ кез келген басқарылатын ресурстар сияқты корпоративті қор болып табылады. Әдетте деректер базасын басқару ДББЖ және оған енгізілген деректерді қадағалауды қарастырады. Деректер администраторы деректерді басқаруға, деректер базасын жоспарлауға, стандарттарды, бизнес-қағидаларды және жұмыс процедураларын құру және күзетуге, сонымен бірге деректер базасын концептуальды және логикалық жобалауға жауап береді. Деректер администраторы алға қойылған корпоративтік мақсаттарға жету үшін деректер базасының жалпы бағытының сәйкестігін қадағалап, басшылықтың жоғарғы буынына өзінің кеңес және ұсыныстарын береді.

Үлкен көлемді деректер базасын жобалауға құрушыларды екі түрлі типі қатысады: логикалық деректер базасын құрушылар және физикалық деректер базасын құрушылар.

Логикалық деректер базасын құрушылар деректерді, олардың арасындағы байланыстарды  сәйкестендіру (маңыз және атрибуттарды анықтау) және сақталатын деректерге қойылатын шектеулерді орнатумен айналысады. Логикалық деректер базасын құрушылар ұйымның деректер құрылымын және оның бизнес-қағидаларын жан-жақты толық түсінуі қажет.бизнес-қағидалар ұйымның көзқарасымен деректеррдің негізгі сиппаттарын бейнелейді. Төменде типтік бизнес-қағидаларға мысалдар келтірілген.


  • Кез келген қызметкер бір уақыттың өзінде сатылатын не жалға берілетін жиырмадан артық жылжымайтын объекттерге жауап бере алмайды.

  • Кез келген қызметкердің өзінің жеке жылжымайтын мүлігін сату не жалға беру құқығы жоқ.

  • Сенімді тұлға бір уақыттың өзінде сатып алушы да, мүлікті сатушы да бола алмайды.

Физикалық деректер базасын құрушылар деректердің дайын логикалық моделін алады және оның физикалық бейнесін құрады, соның ішінде:

  • деректердің логикалық моделін кестелер жиыны және деректердің бүтіндік шектеулеріне өзгертеді;

  • деректер базасымен жұмыс кезінде қажетті өнімділіктің деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ететін сақтаудың нақты құрылымдарын және деректерге рұқсаттық әдістерін таңдайды;

  • деректерді сақтауға кез-келген қажетті іс-шараларды жобалайды.

Деректер базасын құрып болсан соң қолданушыларға қажетті функционалдық мүмкіндіктерді ұсынатын қосымшаларды құруға кірісу қажет. Дәл осы іс-әрекетті қолданбалы бағдарламаушылар орындайды. Әдетте қолданбалы бағдарламалаушылар жүйелік талдаушылар құрған ерекшеліктер негізінде жұмыс істейді. Құрылған әр бағдарлама ДББЖ дан деректер базасымен нақты іс-әрекеттерді орындауды, мысалы деректерді қиып алу, орнына қою, жаңарту және жоюды талап етеді.

Қолданушылар деректерді қолдана білу мүмкіндігі бойынша екі топқа бөлінеді: жай және тәжірибелі қолданушылар. Жай қолданушылар әдетте ДББЖ бар екендігі туралы сезіктенбейді. Олар деректер базасына өздерінің орындайтын амалдарын максималды дәрежеде оңайлатуға мүмкіндік беретін арнайы қосымшалар арқылы кіреді. Ал тәжірибелі қолданушылар деректер базасының құрылымы және ДББЖ ның мүмкіндіктерімен таныс. Олар қажетті амалдарды орындау үшін SQL сияқты жоғары деңгейлі сұраныстар тілін қолдана алады. Ал кейбір тәжірибелі қолданушылар өздерінің қолданбалы бағдарламаларын да құра алады.



7 Л е к ц и я




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет