"Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
"Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бөлімшелер күтілетін нәтижелер: дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын әр бөлім бөлімшелерге бөлінген.
"Информатика" пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
Бөлімдер:
|
Бөлімшелер:
|
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету
|
1) аппараттық қамтамасыз ету;
2) программалық қамтамасыз ету.
|
2) деректерді ұсыну
|
1) есептеу жүйелері;
2) компьютердің логикалық негіздері;
3) ақпаратты кодтау.
|
3) ақпараттық процестер мен жүйелер
|
1) реляциялық деректер қоры;
2) мәліметтер қорын құру;
3) құрылымдалған сұраныстар;
4) ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
|
4) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
|
1) 3D – модельдеу;
2) web-жобалау.
|
5) қосымшаларды әзірлеу
|
1) алгоритмдер және программалар;
2) мобильдік қосымшалар;
3) IT Startup (ай-ти стартап).
|
6) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
|
1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
|
11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету: мобильдік құрылғылар сипаттамасы. Программалық қамтамасыз ету: Виртуалды машиналар; аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары;
2) ақпараттық процестер мен жүйелер: ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер: машина оқыту қағидаттары, нейрондық желілер; жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау; "мұғаліммен оқыту" әдісі; Blockchain технологиясы; Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері; электрондық үкімет порталы; "заттар интернеті";
3) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: 3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;
4) қосымшаларды әзірлеу: мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі ; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату; ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу. IT Startup: Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары;
5) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі.
Достарыңызбен бөлісу: |