Информатика әдістемелік нұсқау



бет5/64
Дата05.05.2023
өлшемі1,62 Mb.
#90633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
7-сынып қмж

Талдау сатысында берілген оқу материалын терең түсініп, оларды зерделейді, құрылымын анықтау үшін тұтас бөліктерді құрамдас бөліктерге бөледі, оларды ажыратады, өзара байланыстарды айқындайды.
Жинақтау сатысында оқушылар өз ойларын тұжырымдап, оқу материалын талдау нәтижесінде алған білімдерін жаңашыл сипатта қорытындылайды, өз идеяларын немесе үлгілерін, жобаларын ұсынуды үйренеді. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын өзгеше ретпен хабарлау (баяндау, пікір таласу), жұмыс жоспары, схемалар, жобалар түрінде ұсынуды қарастырады.
Бағалау сатысында берілген оқу материалының информатика саласында және күнделікті өмірде пайдалануының маңызын анықтайды, ол туралы өзіндік пікір ұсынуды, ойын білдіруді үйренеді.
Оқулықты меңгеру оңай болу үшін, әр тақырып спиральдік білім жүйесі бойынша қарапайымнан күрделіге қарай ауысып отырады. Берілген практикалық жұмыстар оқулықпен бірге және өз бетінше орындауға қолайлы етіп құрастырылған. Сонымен қатар, оқулықтағы тақырыптар 8-сыныпта да өз жалғасын табады. Мысалы, осы оқу жылында электрондық кестелермен жұмыс жасаудың қарапайым әдістерін үйренсек, осы жұмыс 8- сыныпта күрделеніп беріледі.
Оқулықпен жұмыс жасау барысында оқушыларда төмендегі көрсетілген дағдылар:

  • оқулықта берілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарды талдау жинақтау және бағалау негізінде берілген тапсырмаларға топпен және жұппен «жобалау» жұмыстарын жасау;

  • ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін түсіну және оған сындарлы баға беру;

  • ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдалану мәселелерін түсініп, анықтау;

  • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс- әрекетінде тиімді қолдану;

  • талдау, модельдеу мен программалау тапсырмаларын шешу;

  • ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

  • технологиялық ғылыми тілді меңгеріп, пән бойынша тілдік дағдыларды дамыту мақсат етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет