«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы



бет2/6
Дата31.12.2021
өлшемі302,5 Kb.
#23349
1   2   3   4   5   6
Пәннің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: Smart технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге, сондай-ақ студенттерді белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.

Міндеттері: Оқу процесіне компьютерлік модельдер мен SMART технологиясын пайдалану арқылы мынадай артықшылықтарға қол жеткізуге болады:

- көрнекі ақпарат көлемінің өсуі, дәріс оқу немесе тәжірибелік сабақтар жүгізу сапасы мен тиімділігін айтарлықтай арттырады;

-  SMART мүмкіндіктер студенттер мен тыңдаушылардың белсенді  жұмыстанып, шығармашылық қабілеттерін ынталандырады;

- компьютерлік графика әсерлігі көрнекі-бейнелік ойлау түрін дамыту мүмкіндігін береді;

- ақпараттың үлкен көлемін өңдеу қабілеті жүзеге асырылады;

- компьютерлік модельдермен жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасалады, яғни, олар өз эксперименттерін жүргізе алады, қойылған гипотезаларын тез тексере алады, заңдылықтарды құра алады.

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – студенттердің білім алуына тұрақты мотивациясын құру – студенттердің өзіндік шығармашылық шешімдер арқылы білім алу үшін жаңа нысандар мен құралдар іздеу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет