Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Smart технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге, сондай-ақ студенттерді белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.
Міндеттері: Оқу процесіне компьютерлік модельдер мен SMART технологиясын пайдалану арқылы мынадай артықшылықтарға қол жеткізуге болады:
- көрнекі ақпарат көлемінің өсуі, дәріс оқу немесе тәжірибелік сабақтар жүгізу сапасы мен тиімділігін айтарлықтай арттырады;
- SMART мүмкіндіктер студенттер мен тыңдаушылардың белсенді жұмыстанып, шығармашылық қабілеттерін ынталандырады;
- компьютерлік графика әсерлігі көрнекі-бейнелік ойлау түрін дамыту мүмкіндігін береді;
- ақпараттың үлкен көлемін өңдеу қабілеті жүзеге асырылады;
- компьютерлік модельдермен жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасалады, яғни, олар өз эксперименттерін жүргізе алады, қойылған гипотезаларын тез тексере алады, заңдылықтарды құра алады.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – студенттердің білім алуына тұрақты мотивациясын құру – студенттердің өзіндік шығармашылық шешімдер арқылы білім алу үшін жаңа нысандар мен құралдар іздеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |