Информатика кабинетiне ќойылатын талаптар



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі58 Kb.
#15010
1   2
ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн орындамау тәртiп пен реттiлiктi өрескел бұзу болып табылады.

Электр тогымен зақымданған жағдайда көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек.
Электр тогына соғылғанда III-IV дәрежедегi күйiк және естен тануға дейiнгi органикалық және функционалдық өзгерiстер болмаса, оның шамалы ауыртатыны сезiледi.

Электр тогымен зақымданған жағдайда токты тез ажырату қажет, зақымданушыны көмек көрсетушiлерге зиян келмейтiн, оларғы ток таралмайтындай сақтандыру шараларын сақтай отырып, электр желiлерiнен, ток әсерiнен босату керек (зақымданушыны резина қолғаппен немесе қолмен құрғақ матамен орап алып, құрғақ тақтай мен кiлемшеде тұрып токтан ажырату).

Электр тогымен зақымданған жағдайда ең алдымен зақымданушының дем алысы мен жүрек, қан-тамыр жүйесi жұмысына назар аудару қажет. Жүрек соғысы мен дем алысы тоқтап қалған жағдайда дереу жүрекке массаж жасау (төс сүйегiнiң ортасының сол жағына қарай минутына 40-60 рет алақанмен тез-тез басу) және ауызбен ауызға дем алдыру (алдымен зақымданушының аузын жауып, терең көкiрек кере дем алып, зақымданушының аузына демдi марлi немесе таза қол орамалмен жiберу) немесе мұрынмен мұрынға дем жiберу қажет.

Қолдан дем алдыру минутына 16-18 рет жиiлiкпен жүргiзiледi. Сонымен қатар, арнайы жедел жәрдем тобы шақырылады.

Жүрекке массаж жасау мен қолдан дем алдыру зақымданушының дем алысы қалыпқа келгенше, не арнайы көмек көрсетiлгенше жүргiзiледi.

Жүрек соғысы мен тыныс алысы әлсiреген жағдайда таза ауамен тыныстандыру керек, мақтамен мүсәтiр спиртiн иiскетiп, аузына шай қасықпен (немесе 25 тамшы) кордиамин құю, жағын шапалақтау қажет.



Терiге зақым келген жағдайда оны таза таңғышпен таңып, зақымданушыны дәрiгерге көрсету қажет. Күйген терiнi зеленкамен және марганцовканың қызғылт ерiтiндiсiмен сүрту керек.

Информатика кабинетiнде дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы жедел жәрдем көрсету қобдишасы болуы қажет, оның құрамының қандай болуы керектiгi № 7 қосымшада көрсетiлген.


Алғашқы дәрiгерлiк көмек қорабындағы қажеттi заттар тiзiмi


Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi

Қолданылуы

Саны

Жеке таңуға арналған антисептикалық пакеттер

Таңу үшiн

3 дана

Бинттер

Жарақатты таңу үшiн

3 дана

Пакеттегi мақта

Жарақатты сүрту, таңу мақсатында

3 дана

Қан кетудi тоқтату орамы

қан кетудi тоқтату мақсатында

1 дана

Йод ерiтiндiсi

Жарақаттың, жараның, iсiктiң жан-жағына жағку үшiн

1 флакон

Нашатыр спиртi

Естен танып қалған жағдайда мақтаға 2-3 тамшы тамызып, мұрнына иiскету

1 флакон

2-4% бор қышқылының ерiтiндiсi

Көздi шаю үшiн, күйген жағдайда көздi сүрту үшiн

1 флакон

1% спирттiк брилиантты жасыд ерiтiндi

Терiдегi әр түрлi жарақатқа, жараға жағу үшiн

1 флакон

Кардиомин

Орталық нерв жүйесiн, жүрек соғысын, тыныс алуды қалпына келтiру үшiн 25 тамшы (1 шәй қасық)

1 флакон

Резина қолғап




1 пар

Калий магранциялық қышқылы (марганцовка)

Терi сыртының жарақатына жағу үшiн

1 флакон

Жабысқақ пластырь




1 дана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет