Информатика:
ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты- техникалық;
ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін- семантикалық;
ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;
ғылыми-ақпараттық іс -әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика ұғым ретінде біздің өмірімізге берік енген, ғылыми-техникалық үдеудің синонимдердің біріне айналды. Бұл сөз ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында француз тілінде (information- ақпарат және automatioque- автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болады.
Ғылымның, техниканың және өндірістің көптеген салаларының одан ары дамуы ақпаратты өңдеудің сандық және сапалық мүмкіндіктерінің өсуін, адамның ақыл –ой әрекетінің артуын қажет етті.
Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі, оның нақты катализаторы- ЭЕМ мен қазіргі компьютерлік техниканы жасау негізгі рол атқарады.
Ғылым ретінде информатиканың құрылымында келесі салалар аталады:
алгоритмдік,
программалық
техникалық
Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытттарын қамтитын ғылыми техникалық пәндер кешені болып табылады.
ЭЕМ-ны қолдану –тек ақпарат жинақтауға, сақтауға, өңдеуге ғана емес, жаңа ақпарат, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология (ЖАТ) жасауға негіз болады.
ЖАТ ақпаратпен жұмыс істеудің белгілі сатыларын ретімен орындау.
Қазіргі компьютердің ерекшелігі – олардың көпшілігі есеп шығару үшін емес, ақпаратты алуан түрде өңдеу үшін қолданылатынында. Бұл –мәтін өңдеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі дерек жинау мен оны тез шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |