Практикалық тапсырмалар
/Таратпа жұмыстары/
№1 тапсырма
Мәтін фрагменттерін “ерекшелеу, қию, көшіру, қою” тақырыбы бойынша
1. Жұмыс үстеліндегі “мен тапқырмын” бумасын ашып, №1 тапсырманы мұқият оқып шығып, “ ерекшелеу, қию, көшіру, қою” арқылы мағынасы бойынша топтастырыңдар: найзағай, ай, қайшы, боран, үстел, тікұшақ, мыс, таңның атуы, қар басу, сынап, су тасқыны, спирт, мұнай, боран, алюминий, қайнау, қорғасын, атыс
Үлгіге қараңдар: осы үлгі бойынша топтаңдар
Физикалық денеге жататындар: ай;
Уақытша құбылысқа жататындар: найзағай;
Затқа жататындарға: қорғасын
Практикалық тапсырмалар
/Таратпа жұмыстары/
№2 тапсырма
Мәтін теру, мәтінді сақтау тақырыбы бойынша
Мәтіндік редакторды іске қосу
Өздерің туралы мәлімет/ атың, фамилияң, тегің, сыныбың, мекенжайың/ үш тілде жазу: қазақша, орысша, ағылшынша.
Жұмыстарыңды сақтаңдар
Мысалы:
ағылшын тілінде : Alieva Aiman Maratobna , Form 6 “A”, Margulan str. 50
орыс тілінде:Алиева Айман Маратовна, 6 «А» класс, ул.Маргулан. дом 50
қазақ тілінде: Әлиева Айман Маратқызы, Марғұлан көшесі 50 үй
№3 тапсырма күрделі деңгей
Автофигураның көмегімен салу.
№4 тапсырма
Мәтіндік редакторда кестемен жұмыс.
Жұмыс барысы:
Альбомдық стильде жұмыс бетін дайындап, Разметка страницы Колонки –Две командасын орындайды;
Кесте- кестені құру командасы арқылы «күнделік» жасау үшін неше жол, неше баған керегін таңдайды; / 1ші аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері бойынша кесте сызылады/
Оқушылар кесте құру барысында ұяшықтармен жұмыс, ұяшықтарды біріктіру, артығын алып тастау, құю құралымен жұмыс, автофигура көмегімен жұмыстар атқарады;
Келесі бетке өтіп аптаның қалған үш күнін жасайды
Жасалған күнделікті сақтап, өз күнделіктерімен салыстыру.
№5 тапсырма
Топтық жұмыс /Шығармашылық жұмыс/
Жұмыс барысы:
Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылар төрт топқа бөлінеді / әр мезгілге сәйкес түс арқылы//
Топтардың әрқайсысына әртүрлі өлең-жолдар қиындысы салынған конверт таратылады;
Әр топ тапсырмаларын қарап, сөз қиындыларынан өлеңді құрастырып, өлеңнің қалай аталатынын, оның авторы кім екенін табады
Осы өлең не жайында, түсінгенін әрқайсысы постерде бейнелейді
Осы өлеңнің авторы туралы, оның басқа да білетін еңбектері туралы PowerPoint та 2-3 слайдтан тұратын презентация топтың әрбір мүшесі дайындайды.
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Әр сабақ соңында оқушылардың көңіл күйі қандай болғанын, бірі-бірін дәл, нақты бағалай білгенін, жасаған жұмыстары өздеріне ұнағанын білу мақсатында бақылаулар жүргізуге болады смайликтер, сызбалар, суреттер,“ия”, “жоқ” сөздері арқылы. Мысалы: сергіту сәтінде төмендегі суреттің айырмашылығын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |