Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады



бет2/3
Дата10.04.2023
өлшемі29,82 Kb.
#81214
1   2   3
Байланысты:
тиімділік 12

Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл- жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес. 
Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады. 
Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады. 

Жобалаудың құрылымы: 



  • нақты нәтиже шығару жобасы; 

  • нақты мәселенің талдауы; 

  • нақты уақыт белгілеу; 

  • жұмыс жүргізу жобасы; 

  • нәтиже шығару. 

Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей: 

  • Оқыту жобасының классификациясын таңдау; 

  • Жоба презентациясын дайындау; 

  • Жобаға баға беру критериилерін айқындау; 

  • Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру; 

  • Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау.

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері :
Іздеу кезеңі: 

  • Мәселені іздеу және талдау. 

  • Жоба тақырыбын таңдау. 

  • Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау. 

  • Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. 



Конструкторлық кезеңі: 

  • Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу. 

  • Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. 

  • Дайындау технологиясын таңдау. 

  • Экономикалық баға беру. 

  • Экологиялық сараптама жасау. 

  • Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. 



Технологиялық кезең: 

  • Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау. 

  • Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. 

  • Сапаға ағымдық бақылау жасау. 

  • Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. 



Қорытынды кезең: 

  • Жобаның орындалуының сапалық бағасы. 

  • Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. 

  • Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау). 



Біз жобалаудың екі түрін осы мақалада қарастырмақпыыз. Олар демонстрациялық және үйретуші жобалау. Бұл жоба түрлерін Visual Basic бағдарламасында жасадық және 9-сынып информатика пәніндегі «Графикалық объектілерді программалау» тақырыбына арналған. 


Демонстрациялық жобалау – демонстрациялаушы жоба көп жағдайда оқушылардың фантазиясына байланысты құрылады. Оларды орындау нәтижесінде қандай да бір демонстрациялаушы программа алынуы керек. Мысал ретінде «Сағат», «Светофор», «Айналу денелері», «Сөзжұмбақ», «Фраза», «Караоке», «Жарнама», «Ауа райы», «Музыкалық үзіліс» және т.б. алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет