Информатика сабақтарында жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың сабаққа қызығушылық қабілеттерін дамыту. Орындаған: Өтенәлі Мәншүк


Педагогикалық шеберліктің негізгі критерийлері



бет3/6
Дата30.05.2022
өлшемі1,56 Mb.
#35957
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

.

Педагогикалық шеберліктің негізгі критерийлері

  • Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
  • Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
  • Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.
  • Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтау ерекшеліктері


Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен.
  • 2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
  • 2.1. Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту бағытындағы іс-әрекеттер

Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті.
Оқушылармен жұмыс жасағанда:
- Еркін ойлауға мүмкіндік беру;
- Ақыл-ойын дамыту;
- Шығармашылық белсенділігін арттыру;
- Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу;
- Тіл байлығын жетілдіру;
- Жан-жақты ізденушілік арттыру керек.
Жаңа технологияны жүзеге асырудағы міндеттеріміз:
- Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.
- Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
- Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.
- Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет