Информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты
Мектептің басқа пәндері секілді Информатика пәні де білім беру мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз етумен қатар, дамытушылық мақсатты да көздейді.
Дамытушылық мақсат оқушының ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін дамытуға, оның информатика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталады. Дамытушылық мақсат оқушыларда бірін-бірі толықтырып отыратын логикалы-алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау түрлерін дамытуды көздейді.
Логикалы-алгоритмдік ойлаудың қасиетіне қатаң логикалық тұжырым жасай білу, компьютермен жұмыс істеу барысында индукциялық және дедукциялық ой қорыту, өзіне қажетті іс-әрекетті алгоритмдік тілде жаза білу іскерлігі жатады. Бұл көбінесе, толық емес индукцияға ұқсас ойлауда көрініс тауып, компьютермен практикалық жұмыста маңызды роль атқарады. Ойлаудың алгоритмділігі дәлелдеуге қажет ететін пікірлерді қамтамасыз етеді. Ойлаудың логикалығы мен алгоритмдігін бір-бірінен ажыратуға болмайды, оларды өзара тығыз байланыста қарастыру қажет.
Логикалы-алгоритмдік ойлау түрі мәліметтердің қасиеттері туралы логикалық тұжырымдар жасау және іздеу жүйелеріне сұраныстар беру арқылы қалыптасады. Оған компьютерде жұмыс істеуде кездесетін қиын-дықтарға талдау жасау, пікірлерді тұжырымдау, оларды алгоритмдік тілде жаза білу мәселелері жатады.
Мұғалімнің ұғымдарды түсіндіруі кезінде пәнішілік, пәнаралық байланыстарды көре білуі оның жүйелі ойлайтындығын көрсетеді. Ал ойлаудың қисындылығы болашақ мұғалімге оқытудың көптеген әдістері мен формаларының ішінен нақты жағдайға тиімділерін топтауға; оқушының білімді игерудегі жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасауға; басқа пәндерде компьютерді қолдануда оқыту мақсаттарын әртүрлі етіп тұжырымдауға; пәнішілік және пәнаралық байланыстарды іздеуге көмек береді.
Жүйелі-қисынды ойлау белгілеріне – заттар мен құбылыстарды тұтас, өзара тығыз байланысты құрылым ретінде қарастыру; болған жағдайларға объективті көзқараспен қарау; мектеп пәндеріндегі ұғымдарды өз орнымен қолдану жатады. Мысалы, «функция» ұғымын «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінде – сәйкестік деп, «Геометрия» пәнінде – қисық деп, ал «Информатика» пәнінде берілген аргумент бойынша нәтижені есептеу алгоритмі деп қарастыра білу керек. Оқушы жүйелі-қисынды ойлауды қалыптастыру арқылы информатика пәнінің мұғалімі өзінің кәсіби шеберлігін дамытады.
Информатика пәнінде қазіргі кезде жүйелі-қиыстырылған ойлау түрі сирек қолданылады. Өйткені, оқу пәнінің жоғары, төмен, жалпы, теориялық секілді деңгейлерінің ара-жігі анықталмағандықтан пән мазмұнының байланысы оқушыға біртұтас жүйе ретінде көрінбейді.
Сондықтан, мектеп пәндерінде оқытылған материалдарды қайталау, еске түсіру, пысықтау сабақтарында компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану тиімді. Мысалы, «Геометрия» пәнінде оқушылардың көпшілігі кеңістіктегі фигуралардың анықтамаларының, қасиеттерінің байланысын еске түсіруде қиналады. Мұндай кезде информатика аралық пәннің рөлін атқарады. Яғни, компьютерді геометрияны оқытуда пайдалану барысында оқушыларға «кеңістік фигураларының қасиеттерін толықтыр» немесе «қандай да бір геометриялық фигураның кескінін экранда бейнелеп көрсет» деген сияқты тапсырмалар беру арқылы олардың білім деңгейін арттыруға ықпал жасауға болады. Нәтижесінде, оқушылар компьютерде «не жасағым келді, не жасадым, нәтижесі қандай болды немесе неге бұлай?» деген сұрақтар айналасында жұмыс істей алады.
Демек, мұғалім оқушылардағы бірін-бірі толықтырып отыратын логикалы-алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау түрлерін дамыту мәсе-лелеріне көңіл бөлу қажет.
Информатика маманы алғашқы кезде сабақтарды әдістемелік тұрғыда талдауда, оқыту мақсатын тұжырымдауда қиналуы мүмкін. Кейбір тәжірибелі мұғалімдердің өзі оқу материалын жақсы меңгергенімен оқы-тудың мақсатын анықтау кезінде қиындықтарға кездесуі мүмкін. Туында-ған қиындыққа байланысты «өзім не білсем, соны оқытамын» – деген прин-ципті ұстанып, оқытудың негізгі нысанынан оқыту мақсатын өз еркінше бөліп қарастыру дұрыс емес. Сондықтан оқу процесіне компьютерді қолдану тиімді болғанымен, оның мектептегі басқа пәндерге қолданысын зерттеп, жүйелеу қажет.
Ол үшін:
1сыныптан 11 сыныпқа дейін компьютер көмегімен оқытудың бағдарламалық жүйесін жасау;
мектеп пен ЖОО арасындағы байланысты жетілдіру;
пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың кешендік жүйесін жасау мәселелері зерттелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |