ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
«КЕЛІСЕМІН»
Инженерлік-технологиялық
факультетінің деканы
____________ Ж.Х.Тохтаров
«_____» ____________ 2022ж.
|
«БЕКІТЕМІН»
Әлеуметтік мәселелер және
жастар саясаты департаменті директоры
____________ М.С.Карибаев
«_____» ____________ 2022ж.
|
«Фотоохота» сайысының ережесі
Семей 2022.
І.Жалпы ережелер:
Шәкәрім университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің кіші деканат құрамының ұйымдастыруымен университеттің факультеттерінің, ұйымдарының және колледжінің қатысуымен «Фотоохота» сайысы өткізіледі.
II. Байқаудың мақсаты:
Студенттердің эстетикалық қабылдауын дамыту;
Сайысқа қатысушылардың Семей қаласы туралы жан-жақты білім алуы: оның тарихы мен көрікті жерлері туралы;
Жастардың бос уақытын шығармашылыққа арнауға ынталандыру.
III.Байқаудың кезеңдері:
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Ұпай жинау» кезеңі («Трамвай кафесінің ішінде бармен немесе кассир бар барлық команда мүшелерінің суреті» деген сияқты тапсырмалар беріледі).
2-кезең: «Туған өлкем- Семейім» кезеңі (Семей қаласы бойынша сурет қайталау).
3-кезең: «Қарсыластан шабыт ал да, ерекшелен» кезеңі (әр команда өзімен бір сурет (фото) алып келуі керек, оны екінші команда қайталайды).
ІV. Байқау талаптары:
- Фотокамера, көлік және барлық тапсырмаларды орындауға келісетін адамдардың болуы;
- Фотосуреттердің сапалылығы;
- Сайысқа 1-3 курс студенттері қатыса алады;
- Әр команда құрамы 4 адамнан тұруы керек.
V. Байқауда тыйым салынады:
- Басты кейіпкер ретінде басқа фотоохота ойыншыларын және ұйымдастырушыларды пайдалану;
- Ойынға қатыспайтындарға фотоохотаға қатысып жатқаныңызды айту;
- Ойынды қадағалаушы, тәртіпке жауапты ұйымдастырушылармен бетпе-бет келу;
- Интернеттен немесе мобильді қызметтерден суреттерді пайдалану;
- Барлық фотосуретке тек бір адамды кейіпкер ретінде қою.
VI. Байқаудың өтетін уақыты:
Күні: 15.04.2022
Басталуы: 10:00
Өтетін орны: Глинки 20а көшесі (№7 оқу ғимаратының паркингы).
VII.Бағалау критерийлері:
Сайыс 3 кезең арқылы ұпаймен және осы критерийлермен бағаланады:
Егер фотоаңшылар тапсырманы орындамаса, 0 ұпай алады.
VIІI. Қосымша ақпараттар:
Инженерлік-технологиялық факультетінің кіші деканы:
Тоқтарбекова Айнара 87771315476
Орындаған:Жумашова А.М.
87476292045
Достарыңызбен бөлісу: |