Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Инклюзивті балалардың диагностикасын сипаттаңыз



бет30/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

45. Инклюзивті балалардың диагностикасын сипаттаңыз

46. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру,жолдарын сипаттаңыз
Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері
«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу жүйесінің барлық: фонетикалық, фонематикалық және лексика-грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады.
СТЖД балаларда сөйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады. Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сөйлеу тілі
дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сөз қоры, тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сөзді түсініп, қабылдай алатындарын атап өту қажет. СТЖД бар балалардың сөйлеу тілінің дамуды түрлі деңгейде болуы мүмкін. Тілдік дамудың үш деңгейін бөліп көрсетеді (Р.Е.Левина). Әр деңгейге диагностика бала үш жастан асқаннан кейін жасалуы мүмкін.
Бірінші деңгей – ең төменгі. Балалар тілдесудің жалпы қолданылатын құралдарын меңгермеген. Олар тілдесу барысында дыбысқа ұқсас және былдырлаған сөздер, сонымен қатар дыбыстық айтылымы жағынан бұрмаланған аз мөлшердегі зат есімдер мен етістіктердің қолданады. Бала былдырлаған бір сөзді әртүрлі мағына беретін ұғымдарды түсіндіру үшін бірнеше рет қолдануы мүмкін. Балалардың сөйлеуі белсенді қимылдармен және бет мимикасымен қабаттас жүруі мүмкін.
Екінші деңгей – балалар тілдесудің жалпы қолданылатын бастамаларын меңгерген. Күнделікті қолданылатын сөйлеу тілін түсіну жеткілікті дамыған. Балалар сөйлеу тілін бенсендірек қолданады. Олар түрлі қимылдармен, дыбыстық кешендермен және былдыр сөздермен қатар , өздерінің сөздік қорларының өте шектеулі болуына қарамастан заттардың атын, іс-әрекеттер мен белгілерді білдіретін жалпы қолданылатын сөздерді де пайдаланады. Грамматикалық формаларды қолдануда өрескел қателіктер, сөздердің буындық құрылымы бұзылғаны, дыбыстарды дұрыс айтпайтындықтары байқалады.
Үшінші деңгей – балалар толық сөйлемдерді қолданады, заттардың, іс-әрекеттердің атауларын, күнделікті өмірде кездесетін және оларға жақсы таныс заттардың сипатын айтуда қиналмайды. Алайда олардың сөйлеу тілі жүйесінде лексика-грамматикалық және фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет