Инклюзив жауаптары Инклюзивті білім беру пәніне жалпы сипаттама беріңіз


Мұғалім мен оқушының ата-анасы арасындағы байланыс ролін ашыңыз



бет35/38
Дата21.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#142151
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
инклюзив жауаптары

53. Мұғалім мен оқушының ата-анасы арасындағы байланыс ролін ашыңыз
54. Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылығы ата-аналармен ынтымақтастық формаларына баға беріңіз
Қазіргі заманымыздың мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор.Отбасы адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін психологиялық процестерін ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарып тілеуін тілейтін де ата-ана. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Мақсаты:
- Ата – аналарды мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу;
- Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру;
- Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туғызу.
“Қазақстан - 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген.Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мұғалім үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет