Инклюзивті білім беру ерекшелігі



Дата28.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#130706
Байланысты:
инклюзив 1 (копия)-1

Инклюзивті білім беру ерекшелігі


Орындаған: Сұлтанқызы Балауса
Қабылдаған: Сембаева Гульзат
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту- білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделген оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне,соның ішінде ерекше жағдайларына бейімдеу. Инкулюзивті оқыту оқушылардың тең құқығын анықтайды.


Өз-өзіне сенімді
болу
Құрдастарымен қарым-қатынаста болу
Қоғамның мүгедектік
Мәселелерін түсіну
Толыққанды
білім
алу
Қоғам өміріне
Бейімдеу
Және кіріктіру
Мүгедек емес балалардың қайырылымдылық және түсінушілік қасиеттерін тәрбиелеу
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің негізгі артықшылықтары:
Инклюзивті білім беру-балаңыздың әлеуметтік топтың бірі болуына алғашқы қадам.

Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары

        • Барлық адамдар құқығының теңдігі;
  • Адамдарды шектеудің болмауы;
  • Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке қабылдау;
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру,мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту;
  • Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;
  • Арнаулы білім беру жағдайын жасау;
  • Пәнаралық бағытты қалыптастыру( педагогтар,ата-ана,логопед, психолог , деффектолог, т.б.) мамандықтардың өзара әрекеттестігі ;
  • Өзгелермен қарымқатынасқа және өзіне сенімділікке үйрету

Мүмкіндігі шектеулі балалар:

  • 18 жасқа дейінгі және психикалық кемістіг бар балалар;
  • Туа біткен және жүре пайда болған науқастар;
  • Естуінде кемістігі бар балалар(естімейтін,әлсіз еститін,кейіннен есту қабілеті бұзылғандар);
  • Көруінде кемістігі бар балалар(зағип,нашар көретін,кейіннен көру қабілеті бұзылғандар);
  • Қимыл-қозғалыс аппараттарының қызметі бұзылған балалар;
  • Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
  • Ақыл-ой кемістігі бар балалар;
  • Психикалық дамуында кемістігі бар балалар;
  • Эмоциялық-еріктік сфермасы мен мінез-құлқы бұзылған балалар;
  • Күрделі кемістігі бар балалар;

Қорытынды:
Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп,ерекше қабілеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамассыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет