Болашақ педагогті кәсіби даярлауда үлгілеудің әртүрлі тәсілдері бар (Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович). Біз солардың ішінен екі компоненті: құрылымдық (үдерістің мазмұны, мақсаты мен нәтижесі) және функционалды(ұстанымдар, кезеңдер, критерийлер, деңгейлер т.б.) біріктірілген үлгіні таңдап алдық.

Модельдің мазмұнында инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындау үдерісі үшін барынша тиімді болып табылатын тәсілдер көрініс тапты. Бастауыш сынып мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетте оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындау үдерісіне оң ықпал ететін тәсілдің бірі – құзіреттіліктұғыр.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту қағидасы ХХ ғасырдан бері бірнеше өзгеріске ұшырады. Дүниежүзілік тәжірибеде концепцияның өзгеріске ұшырауының 3 кезеңін белгілеп көрсетуге болады:
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту қағидасы ХХ ғасырдан бері бірнеше өзгеріске ұшырады. Дүниежүзілік тәжірибеде концепцияның өзгеріске ұшырауының 3 кезеңін белгілеп көрсетуге болады:
ХХ ғасырдың басы – 60 жылдардың ортасы – «медициналық модель» - сегрегация.
60 жылдардың ортасы – 80 жылдардың ортасы – «қалыптандыру моделі» - интеграция.
80 жылдардың ортасы – қазіргі уақыт – «әлеуметтік модель» - инклюзия.
«Медициналық модель» – сегрегация мүмкіндігі шектеулі балаларға ауру ретінде қарады; ондай жандарға медициналық көмек пен күтім керек және оларды арнайы орындарға жатқызу керек деп саналды.