Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мәні, рөлі, түрлері, қағидалары.
Орындаған: Жұмекен Б.Е
Тексерген: Кенжебаева Н.Н
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты:
қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;
оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;
оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу;
жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу.
Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі жақтары атап көрсетілген: рөлі, бағалаудың функциясы, мұғалімнің бағалау әрекетінің құрылымы және басқалар. Бірақ бұл проблеманың мына сияқты аспектілері түпкілікті шешімін тапқан жоқ: оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерінің бірыңғай жүйесін жасау, бағаның әділетсіздігі, бағаны алуға және қоюға оқушылар мен мұғалімдердің жеке басының ерекшеліктерінің әсері. Оларды шешіп алмай тұлғаны дамыту міндетін табысты жүзеге асыру қиын деп ойлаймыз.
Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:
бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды;
оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді;
ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;
тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді.
Педагогикалық бағалаудың функциялары.
Нормативтік функция бір жағынан, оқушының оқып және оның оқу орнын табысты аяқтауына сәйкес барлық құқықтық салдарлар оқушы үшін туындайтындай, бекітілген эталонға қатысты нақты оқушының жетістіктерін тіркеуді, екінші жағынан, жеке оқушылардың, мектеп сыныптарының үлгірімін, мұғалімнің дайындығы деңгейі мен жұмысы сапасын (тәжірибеге сәйкес бірнеше он жыл бұрын қалыптасқан) қадағалауды қамтиды.
Ақпараттық-диагностикалық функция, білім беру үдерісіне барлық қатысушылар арасындағы мазмұнды байланыстарының, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясының, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негіз боларлық кезеңдерін қамтиды. Дәл бағалау ғана алдымен жекелеген оқушылардың мектептегі амандығы себебі сияқты нақты сыныптағы оқу үдерісінде барлығы дұрыс па деген тақырыпта толғануға азық болады.
Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады.
Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену қажет:
меңгеру деңгейін саралау;
критериалды бағалау;
бағалаудың объективтілігі;
бағалауды дараландыру;
бағалауды жариялау.
Достарыңызбен бөлісу: |