ҚОРЫТЫНДЫ
Көру қабілеті бұзылған балалардың барлығы кеңістікті бағдарлау қызметі кезінде қиындықтарға кездеседі, сондықтан тифлопедагогкеңістікті бағдарлау қабілетін арттыру мақсатында арнаулы жұмыстар жүргізеді. Көру қабілеті бұзылған балалардың көпшілігінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі нашар болғандықтан, олардың сөйлеу тілі де монологты түрде болады және олар диалог түріндегі қарым-қатынасқа түсуді қиынсынады. Мұндай кезде мектеп психологының көмегі қажет. Соқыр немесе нашар көретін баланы сыныптан тыс шараларға қатыстыру үшіндайындық жұмысы жүргізілеуі керек. Сынып мұғалімі көру қабілеті бұзылған баланың жеке даму ерекшеліктерімен жете танысып, оның басқа балалардан айырмашылығын жақсы білуі керек. Көздің нашар көруі басқа да перифериялық көрудің әлсіреуі, көру кеңістігіндегі соқыр дақтардың пайда болуы, түстерді ажырата алмаушылық сияқты қосымша кемшіліктермен анықталатындықтан, біріншіден, оқушының көру қабілетінің ерекшеліктерімен толық танысып шығуы тиіс. Осының әсерінен, бір оқушы тапсырманы көру арқылы орындаса, екіншісі сезу арқылы, үшіншісі көру және сезу арқылы орындайды. Сонымен қатар, көру қабілетінің жұмысына шектен тыс қажу, жарықтың түсуі, эмоциялық сергектік немесе керісінше шаршау жағдайлары уақытша әсер етуі мүмкін. Мұғалімнің міндеті - сынып оқушыларына көру қабілеті бұзылған баланың басқа балалар сияқты дамуға қабілетті, жеке көзқарасы мен қажеттілігі бар екендігін толық түсіндіру болып табылады.
Оқу жылының басында ұжымдағы оқушыға қажетті жағымды психологиялық климатты құруға талпыныс жасау қажет. Жаңа жағдайларға бейімделу кезінде көру қабілеті нашар баланың эмоциялық жағынан соққы алмауын бақылау барысында шектен тыс қорғау, қолдау жасамау керек. Себебі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсету оның ерекше бала екендігін анықтап отырады. Көру қабілеті бұзылған балалар кеңістікте бағдарлау қызметіне бейімсіз болғандықтан, оқу бағдарламасына осы кемшілікті түзетуге бағытталған тапсырмалар енгізілуі тиіс. Оның нәтижесі баланың оқулықпен, жоспармен, картамен жұмыс жасауы кезінде, дене шынықтыру, бейнелеу өнері сабақтарында бекітіліп отырады. Оқу процесі кезінде көру қабілеті бұзылған балалардың қызығушылығын арттыру мақсатындафильмдерді немесе бейне таспаларды сөз арқылы түсіндіре отырып, демонстрациялау жұмыстары жүргізіледі. Оқыту кезінде мұғалім көру қабілеті бұзылған балалардың берілген тапсырмаларды қалайша орындағандығына бақылау жасап, сынып оқушыларымен бірлесіп жұмыс жасай білуіне көңіл бөлуі керек. Осындай бақылау жұмыстары оқушыға берілетін жұмыс тапсырмаларын реттеуге тапсырманы орындауға берілетін уақытты азайту немесе көбейту үшін қажет болады.
Тиісті көмек түрлерін қабылдаған соң сыныбына қайта қабылданған көру қабілеті бұзылған баланың офтальмологиялық диагнозы мен көру қабілетінің нашарлау деңгейін ажыратқаннан кейін баланы қай жерге отырғызу керектігі туралы толық ойлануы қажет. Көру қабілеті нашар бала ортаңғы қатардың бірінші партасына, сипап сезу қызметіне сүйенетін соқыр бала мұғалімнің шешімімен кез-келген орынға отыра алады.
Нашар көретін балалардың жұмыс жасау ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс, ал көру қабілетінің бұзылуы күрделі болған кезде 10-15 минут болуы тиіс. Әсіресе, жазба жұмыстары кезінде көру қабілеті бұзылған оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап, көз бен кітаптың арасы 30 см болуын еске ұстаған жөн. Көру қабілеті бұзылған балалар оқу процесі кезінде арнаулы оптикалық және оптикалық емес арнаулы құралдар пайдаланады. Оптикалық түзету қондырғыларының қатарына арнаулы көзілдіріктер, бифокалдар, призмалар, контактілі линзалар, телескопиялық көзілдіріктер жатады. Оптикалық емес құралдарға фломастерлер (қара түсті), түрлі-түсті маркерлер, үлкен әріптермен жазылған жазық бетті кітаптар жатады. Арнаулы мектептен жалпы білім беретін мектептерге ауысу әр оқушыны стресс жағдайларына апарып, бейімделу процесінің туындауына себепші болады. Бала жаңа ортада, жаңа ұжымда, ортада көндіге алмай оқу бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездесіп жатырса, пайда болған ситуацияларды дұрыс сипаттап, шешу үшін тифлопсихологтың көмегі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |