Инклюзивті білім беру негіздері


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет8/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Èíêëþçèâò³ á³ë³ì áåðó íåã³çäåð³

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
........



Орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың жалпы немесе арнайы сыныпқа (даму бұзылыстарына қарай) арналған нұсқалары қарастырылады. Оқушыларды жалпы сыныпта оқыту жалпы білім беру немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Жалпы немесе арнайы сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтермен жеке және/немесе топтық сабақтар өткізу көзделеді.
Арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық бұзылыстары бар балалар үшін ) белгіленген тәртіппен ҚР Білім және ғылым министрі бекіткен тиісті үлгідегі арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.



Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 2-қосымша).

Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:


1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);
2) және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.
Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет