Инклюзивті білім беру негіздері



бет19/30
Дата08.10.2022
өлшемі216,33 Kb.
#41892
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Èíêëþçèâò³ á³ë³ì áåðó íåã³çäåð³

5) Оқыту формасын таңдау.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу: жалпы білім беретін топта/сыныпта, жалпы білім беретін ұйымның арнайы тобында/сыныбында немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымда, арнайы мектепте (ата-анасының келісімімен және ПМПК, үйде (дәрігерлік консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы бойынша);


6) Кедергісіз орта құру және білім алушылардың білім беру ұйымына физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін оқу орнын бейімдеу.
Кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылыстары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:

  • тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.);

  • көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.

Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға мыналар жатады:

  • дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен немесе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;

  • мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу.

Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:

    • соңғы партада отыруы;

    • өзі немесе беделді оқушымен отыруы;

    • терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:

    • арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.



7) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар) білім алышулар үшін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдалану.
Оқу процесінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады.


8) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау (психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент) ПМПК қорытындысы мен ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет