Адамдардың ми жарты шарларының сол жақ бөлігінде Брока жүйке саласы
бар.Ол – кісінің дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын орталық.Сөзді қа-
былдау көптеген талдағыштардың (көру, есту, қозғалыс т.б) бірлескен қыз –
метін қажет етеді.Басқа біреудің сөзін есту мидың сол жарты шарындағы
самай бөліктің арт жағында орналасқан.Верникс жүйке саласының қызметіне
байланысты.Сөзді қабылдауда, оның мәнісін түсінуде мидың есту, көру, сипап
– сезу, қозғалыс зоналарының, төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де
ерекше.
Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық
функциясына байланысты болып
келетіндігін мына мысалдан – ақ жақсы білуге болады.Егер оның сол жақ
бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды.Мұндай құ –
былысты афазия деп атайды.Мұның екі түрі болады.Бірі адамның сөйлеу
органдары толық сақталғанымен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі
күрмеледі, оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады.Афазияның енді бңр
түрінде адам өзі сөйлей алғанмен басқа біреудің айтқанына түсінбейді.Мұнда
ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады.Мидың бір жеріне қан
құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісінуі
т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.Мұның емін
дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі
кезеңдерінде әр қилы көрінеді.Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға
қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде болады.Мысалы, ол «сағат»
деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас ды-
быстардың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды.Бұл жағдай баланың ми
қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі де жөнді жетілмегендігін, яғни
онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді.Сөз –
дерді жалпылай алу, адам ойлауы мен сөйлеуінің басты ерекшелігі.Бала
мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болады.
Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.Пікір алы –
судың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай түрлі сөйлеу ерекше-
ліктерімен көрінеді.Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге
бөлінеді.Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа
жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша
сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлеу
тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері де соның төңірегін-
де құрылады.
Мысалы, жазу кезіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілей-
ді.Былайша айтқанда, ол ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, аса күрделі түрі
болып табылады.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалог сөйлеу.Бұл екі немесе бірнеше
адамның тілдесуі.Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмен –
дегідей:
1) Мұндай сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тіле –
мейді; 2) бұл ылғи да сүйемелдеп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгі –
мелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.Мысалы: «келе жатқан
тоғызыншы» деген сөйлемде осындай нөмірі бар автобусты күтіп тұрған
адамдар ғана түсіне алады; 3) диалогтың қисындық жағы (жоспарлылығы,
біртінділігі, дәлелділігі т.б) кемдеу болады; 4) диалог сөз ым-ишарымен, бет
пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың
қозғалысы т.б.) толықтырылады.
Монолог бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің
сөздері.Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері: 1) монолог
сөз әр кез белгілі жоспарға сәйкес құрылады.Бұл алдын – ала даярлықты ті –
лейді;2) бұған логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мысалы, баян –
дамашы мен лектор өз сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше
көңіл бөледі); 3) монолог сөз адамға әсер ететін мәнерлі сөздің жақтарын
(сөзді назына келтіріп айту) көбірек қажет етеді; 4) монолог сөздің грамма –
тикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды.
Диалог, монолог сөздер көп жағдайларда бет мимикасының өзгеруімен,
ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады.Орынды
ымдар біздің сөзімізді мәнерлі етумен қатар оның өзімізге де, жұртқа да
түсінікті болуына жағдай туғызады.Бірақ осындай ым – ишаралардың дербес
күйінде ешбір маңызы жоқ.Бұлар жеті мүшесі сау адамдар үшін қарым – қа –
тынас құралы болып саналмайды.Адам мұңы сөзіне демеу ретінде ғана
пайдаланады.
Көз
— оптикалық жүйе.
Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз
сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты
қабығы склера немесе
Достарыңызбен бөлісу: