«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 1-тапсырма 1-тақырып. Кіріспе. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік 1



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата02.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#131452
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Тапсырма
1.
 
Қалыпты дамудағы және сенсорлық кемістігі бар балаға 
психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырыңыздар.
Баланың психикалық даму ерекшеліктерін терең зерттеу, оның бұзылу 
деңгейі мен түрін анықтау үшін « оқыту» тәжірибесі түрінде берілетін байқау 
зерттеу әдістерін қолдану қажет. Оқыту тәжірибесі әдістемесі баланың оқуға 


жарамдығын анықтау мақсатында әр түрлі көмек түрлерін енгізуге 
негізделген. Тексеру үдерісіндегі көмектің келесі түрлері пайдаланылады: іс-
әрекетті еліктеу бойынша орындау, іс-әрекеті ишаратты пайдалану, еліктеу 
және сөздік нұсқау бойынша орындау. 
Психологиялық – педагогикалық тексеруді
медициналық тексеруден 
кейін жүргізген дұрыс, себебі есту қызметі бұзылған балада психикалық даму 
қызметінің диагностикасы үшін амнестикалық мәліметтер, соматикалық, 
неврологиялық, психикалық статустары, есту қызметі мен оның диапозон 
деңгейінің төмендеуі, қимыл және көру қызметтерінің сақталуы туралы 
мәліметтер өте маңызды.Ең алдымен бала қалдық есту қызметін тұрмыста 
қалай пайдаланатыны, қарым-қатынаста сөйлеу тілін пайдалануы, 
пайдаланса қандай көлемде екенін анықтау қажет. Психолог осы 
мәліметтерді талдауға, тексеруді қажетті бағытта жүргізуге, зерттеу әдісі, 
тәсілін мақсатты түрде қолдануына мүмкіндік береді. 
Тексеруді баланы алып келген анасымен әңгімелеуден бастаған дұрыс, осы 
кезде жаңа жағдайға, бейтаныс адамдарға үйренуге уақыт 
беріледі. Жасқа толмаған, қимыл- қозғалысы ауыр бұзылған 
балаларды тексеру баланың көңілін ашық дыбыстарға аударып, мейірімді 
дауыспен, біртіндеп абайлап, тактильді қатынасты қолдану қажет. Ересек 
жастағы балаларды тексеруге қатыстыру үшін әр түрлі тапсырмаларды бір 
ойынға топтастыруды қолдану арқылы жүргізіледі. 
Тексеруді баланың дербестігін бақылаудан оның белсенділігінің, 
адекваттылығын, ойын, заттың іс- әрекетінің сан алуандығын белгілеуден 
бастаған дұрыс. Егер бала ойыншықпен ойнай алмаса, онда ересек 
ойыншықпен ойнаудың әр түрлерін көрсетеді.Тексеруді жүргізу үшін заттар 
мен ойынщықтардың қажетті жиынтығы болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет