«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 1-тапсырма 1-тақырып. Кіріспе. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік 1


Тапсырма: Қазақстандағы БАҚЕ (білім алуда қажеттіліктері ерекше)



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата02.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#131452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Тапсырма: Қазақстандағы БАҚЕ (білім алуда қажеттіліктері ерекше) 
балалардың контингентін, олардың инклюзивті блім берумен қамтылу 
үлесін көрсететін кесте құру. 
Инклюзивті білім берудің 
принциптері 
Еліміздегі ерекше білімді қажет 
ететіндер статистикасы 
8 принципі бар:
1. Адамның құндылығы оның 
қабілеттері мен жетістіктеріне 
байланысты емес; 
2. Әр адам сезінуге және ойлауға 
қабілетті; 
3. Әркімнің сөйлесуге және оны 
тыңдауға құқығы бар; 
4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж; 
5. Білім нынайы қарым-қатынастар 
аясында ғана жүзеге асуы мүмкін; 
6. Барлық адам өз құрдастарының 
қолдауы мен достығын қажет етеді; 
7. Барлық оқушы үшін жетістікке 
жету – оның орындай алатын 
әрекеті; 
8. Жан-жақтылық адам өмірінің 
аясын кеңейтеді. 
Ерекше білім беруді қажет ететін 
балаларға оқытудың басқаша түрі 
қолданылады – үйде оқыту, 
қашықтан оқыту, арнайы мектептер, 
жалпы білім беретін мектептердегі 
түзету сыныптары. 
Психикалық дамуы тежелген 
балалардың саны 50 мыңнан асады; 
- Сөйлеу қабілеті бұзылған 
балалардың саны 47 мыңнан асады; 
- Нашар көретіндер – 8 004; 
- нашар еститіндер – 3 857; 
- ақыл-есі кем – 25 045; 
- тірек-қимыл аппаратының 
бұзылуы – 18 841; 
- аутизм спектрінің бұзылуы – 
5 193; 
- естімейтіндер – 2 054; 
- көзі көрмейтіндер – 313. 


Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің 
транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп 
баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді 
қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және 
олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы 
айтуға болмайды. 
Айта кетейік, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шамамен 50 
пайызы ерте жаста оңалтылуы мүмкін.
Мұндай санатқа кіретін балаларды оқытумен, тәрбиелеумен қамту мектепке 
дейінгі ұйымдардан ЖОО-ларға дейін жүргізіледі. БҒМ-нің мәліметінше, 
мектепке дейінгі балабақшаларда 37 970 астам бала тәрбиеленеді. Орта білім 
беру ұйымдарында 95 497 бала оқиды. Колледждерде 2 900 бала және ЖОО-
ларда 3 520 бала оқиды. 
Сонымен қатар, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік 
емес ұйымдармен бірлесе мектептердің базасында 177 ресурстық орталық 
ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет