«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 1-тапсырма 1-тақырып. Кіріспе. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік 1



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата02.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#131452
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
2.
 
Кемақылдылық дәрежелерінің (дебильдік, имбецильдік, идиотия) 
интеллектуалдық даму коэффициенттері (IQ) көрсеткіштері 
қандай болады?
Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін 
ажыратады: 
дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық)

имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды)
және 
идиотия 
(мәңгүрт,нақұрыс).
Дебилдік дәреже
(миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, 
қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық 
коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық 
дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің 
интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл 
және ауыр түрлері анықталған. 
Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын 
ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз 
қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл 
түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық 
жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде 


балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ 
мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын 
игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады. 
Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, 
қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан 
айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ; 
нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау 
басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің 
жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) 
жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, 
жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау 
байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән 
бермеушілік байқалады. 
Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен 
қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым 
қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде 
белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы 
істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу- 
шілігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда 
айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала 
болуы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет