«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 1-тапсырма 1-тақырып. Кіріспе. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік 1



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата02.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#131452
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Имбецил (милау)
(латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл 
психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық 
дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың 
деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр 
имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық 
психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек 
өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді 
түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған. 
Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. 
Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. 
Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір 
имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ 
олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес. 
Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана 
болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу 
немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана 
үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, 
сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио- 
налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай. 
 
Имбецил
дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы 
бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың 
аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда 
сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады. 


Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) – 
олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері 
болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия 
дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың 
деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті 
қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия 
дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, 
олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін 
ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай 
бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік 
немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр 
уақытта жарақаттанып жүреді. 
Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген 
дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне 
алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері 
шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек 
болады. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха- 
наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған 
және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. Білім алуға талпынысы 
мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте 
сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де 
танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе 
қанағаттанбауын ашумен, айқайлармен және қозғалу – қимылмен білдіреді. 
Бұған қоса, оларда ақауды, жарақаттануды ауырсыну сезімі төмен, 
сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді. Психиканың күрделі 
зақымдануы физикалық дамукемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді. 
Идиотия дәрежесіндегі балаларды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды 
негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне 
орналастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет