Инклюзивті білім беру
СРО Ұстаз ретінде ерекше баланы қабылдай аласызба ?
Орындаған:Мәдениетова М.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жасауын қиындатады. Дене кемістігі ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің кемтар балалар мәселесіне де байланысты екендігі айқын. Атап айтқанда, дамуы ауытқыған кемтар балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, үйірмелер, бала бақшалар ашылды.
Қазіргі кезде «балабақша-мектептер» әртүрлі психология-педагогикалық бағдарламадағы көмектер алуда. Кемтар балалардың әр біреуін өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өмірдегі орнын таба білуге үйрету үшін алдымен өзін-өзі тану тақырыбына байланысты жаттығулар, тренингтер, баяндамалар оқылуы қажет.
Кемтар балалардың оқу, ойын, еңбек үстіндегі қоршаған ортасымен эмоционалды қатынасы бақыланып, жағымсыз эмоциялардың жойылуы үшін әдістемелер пайдаланып, қолға алынған тиімді шара. Түрлі ауытқушылығы бар балалардың эмоционалды күйлерін бір-бірімен және қалыпты күйдегі балалармен салыстыру қандайда бір қорытындының шығыуына себепші бола алады. Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі.
Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен-ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз. Мен мұғалім ретінде кемтар баланы қабылдайтын едім себебі әрбір бала тең білім алуға толықтай құқығы бар.