Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру - жынысына, жасына , географиясы бойынша тұратын жеріне, дене және ақыл-ой ауытқушылықтарына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан оқып жатқан барлық балалардың сапалы білім алып, өзінің әлеуетін дамытуына тең мүмкіндіктер туғызу дегенді білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балалардықалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.