Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық



Pdf көрінісі
Дата02.05.2023
өлшемі80,82 Kb.
#88982
Байланысты:
13 лекция



Инклюзивті білім беруді
дамытудың тұжырымдамалық
тәсілдерін іске асырудың
күтілетін нәтижелері және
кезеңдері


мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті
және кіріктіріп оқытудың әдіснамалық және оқу-
әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды
қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру
процесіне қосу аясында оларды әлеуметтік-
педагогикалық және психологиялық-
педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды; 
1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету: 


ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу
бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері
мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын
талаптарды); 
ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін мониторингілеу
және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру шарттарына баланың
оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді; 
үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді; 
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу
жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын
бейімдеуді көздейді. 


инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы
қызмет шарттарына педагогтардың дайындығын
қамтамасыз ету; 
педагогикалық мамандықтары бар жоғары,
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу
жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы
педагогика негіздері» пәндерін қосуды; 
Кадрлық қамтамасыз ету: 


инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын
ұйымдарға арналған педагог кадрлардың, оның
ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте
жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер
мен педагогтардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді; 
ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін
психологиялық-педагогикалық қолдау
мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды,
арнайы психологты, сурдоаудармашыны қосатын
арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді. 


инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін метептердегі
материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, техникалық көмекші
компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және қолжетімді «кедергісіз орта»
құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді; 
білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламаларын
меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық құралдармен (тифло-, сурдо-
және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және мүгедектерге арналған оқу
кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы орындардың болуына қойылатын
талаптарды әзірлеуді көздейді. 
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету: 


қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше
қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-
қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар құқығын қорғауға
бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен
әзірлеуді көздейді ; 
әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші
құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары,
қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін
түзету-педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы
мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін
ақпараттандырудың техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді
көздейді; 
Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету: 


нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру; 
ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа да
ресурстардың шоғырлануы; 
әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру; 
ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби
бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау; 
балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып,
ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз
ететін интерактивті оқыту. 
Жүзеге асырудың негізгі шарттары: 


Назарларыңызға
рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет