Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері



Дата10.12.2023
өлшемі5,38 Kb.
#136407

Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Соның бірі- нклюзивті білім беру.
Инклюзив-сөзі латын тілінен аударғанда-”өзімді қосқанда” ал, ағылшын тілінен аударғанда” араластырамын” деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті білім беру барысы- қазіргі таңда жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сыныптар, арнайы білім беру орындары, арнайы мектепке дейінгі білім беру орындарының оқу әрекетіне енгізіліп отыр.
Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50% психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар және аутизм, жүйке жүйесі бұзылған, ақыл ой белсенділігі төмен балалар құрайды. Психикалық даму тежелісі (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Мұдай балалар мектепте және үй жағдайында ерекше қадағалауды қажет етеді. Бұл балалармен жұмыс істеу арнайы біліммен қатар бұл балалармен жұмыс істеудің нақты жолдарын білуді, оларды танып білумен қатар, оларға арнайы түзеу жұмыстарын ұйымдастырып, мұғалімге және ата-анаға бағыт-бағдар бере білу керек.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері- жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;
- барлық балаға бірдей қарым-қатынас;
- Балалар арасында дискриминация болдырмау;
- арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
- Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау
- Қоғамның көзқарасын өзгерту
- Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету
- Толық білім алуды ұйымдастыру
- Қоршаған ортаға бейімдеу
- Дені сау балалармен тең дәржеде ұстау
- Өз өзіне сенімін арттыру
- Кедергісіз аймақ
Алғашында арнайы мамандар жеткіліксіз болып, жаңа білімнің қыр-сырын ұғыну, түсіну қиын болғанымен, қазіргі таңда арнайы мамандар-логопед, дефектолог, олигофренопедагог, әлеуметтік педагог, психолог мамандар қайта даярлаудан өтіп, сонымен бірге пән мұғаклімдері қайта даярлау курстарынан өтіп инклюзивтік білім беру бойынша жұмыстанып келеді. Қазіргі таңда әр маман өз жұмысының қыр-сырын біледі, жұмыстана алады деп үлкен сеніммен айта аламын.
Түзете-дамыта оқытудың мақсаты:
Балаларды оқып, жазып, санап үйрету оқу іс-әрекетінің негізгі біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетін дамыту, жеке гигиена мен салауатты өмір негіздерін үйрету;
- тиімді әдіс-тәсілдерде қолдана отырып, оқушылардың психологиялық сауығуына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әртүрлі қиыншылықтарды түзеу;
- балалардың танымы мен белсенділігін, зияткерлік қабілеттерін, өз бетімен білім алу дағдыларына жағдай жасау;
- ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік жұмыскерлермен байланыс жасау;
- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қазіргі экономикалық жағдайында өз орнын таба алуына жағдай жасау.
Түзете –дамыта оқытудың міндеттері:
Оқушының психикалық, тұлғалық дамуындағы ауытқуды болдырмау,
- жеке тұлға қалыптастыру, оқу дағдысы мен біліктілігін дамыту;
- педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларға коррекциялық түзету сабақтарын, танымдық өрісінің дамуына бағытталған жеке сабақтар жүргізу;
- ПМПК-мамандарымен, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог мамандармен бірлесе отырып жұмыстану арқылы түзеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;
- жеке, топтық сабақтар нысанында түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
- отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (немесе оларды аустыратын тұлғаларға) ақыл-кеңестер беру, оқыту;
- оқушының психикалық дамуында кездесетін сәтсіздіктердің алдын алу, диагностика бойынша алдын-ала болжау;
- сөйлеу, интеллект, көру, есту және есте сақтау қабілеті, тірек қозғалыстары аппараты, эмоциялық еріктік саласы бұзылған, оқуда немесе қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында”-деп бекерге айтылмаған сыңайлы. Олай болса қазірге таңда білім саласындағы әр ұстаздың мойнына артылған жүк ауыр. Ұстаз бір ғана шәкірттің білімі мен тәлім-тәрбиесіне ғана жауапты болып қана қоймай, елдің ертеңін, болашағын өз мойнына алардай жауапкершілік танытуы тиіс.
Жас та берілген тәрбие, жас қайыңды игендей”, - дейді, олай болса құрметті әріптестер”теңізге” тамшыдай тамып, жәрдеміміз тиіп жатса, біз ешнәрседен аянбай қиын да, қызыққа толы ұстаздық жолда ерінбей еңбек етіп, еңбегіміздің жемісін көре білуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет