Инклюзивті білім берудің стратегиялары



бет2/2
Дата28.04.2023
өлшемі34,82 Kb.
#88229
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
инклюзив

Материалды меңгеру стандарттарының модификациялары.
Білімдерді меңгеру стандарттарын модификациялауда мүмкіндігі шектеулі оқушылардың сыныптың оқушыларымен қатар барлық процестерге қатыса алатындығын, бірақ өздерінің жеке жоспарларымен анықталған ұзақ мерзімді мақсаттары мен тікелей міндеттерін орындайтынын ұмытпау керек.
Оқыту нәтижелерін бағалауды модификациялау тәсілдері:
1) жалпы оқу жоспарының шеңберінде, бірақ жеңілдетілген түрде, бір тапсырманы пайдалану (оқушының жеке жоспарының мақсаттарымен сәйкестендіре отырып);
2) альтернативті оқу жоспарынан алынған тәжірибелік мақсаттар мен міндеттерге байланысты тапсырманы таңдау (әлеуметтік дағдылар, қоғамның өміріне қатысу, өндірісте жұмыс істеуге дайындық).
Балалардың барлығын материал бойынша бірге оқытуға болады, бірақ
нәтижелерін дифференциациялау қажет және де білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың нәтижелері оның жеке оқу жоспарының мақсаттары және міндеттерімен сәйкестендірілуі тиіс.
Оқу материалдарын меңгеру стандарттарын модификациялаудың
маңыздысы болып негізгі оқу жоспарының тапсырмасына ұқсас, бірақ жеңілдетілген түрін орындай алу табылады.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жеке мүмкіндіктері негізінде бүкіл сыныпқа арналған тапсырмадан тақырыбы және мазмұны бойынша ерекшеленетін тапсырманы таңдау инклюзивті сыныпта тек сирек жағдайда ғана жасалады, өйткені бұл жағдай баланы басқалардан шеттетеді. Мұндай тапсырмаларды өзіндік жұмыс жасау кезеңіне немесе жеке жобаларды орындау уақытына қалдыру керек, сонда мүмкіндігі шектеулі баланың басқалардан айырмашылығы анық көрінбейді.
Арнайы мектептік білім беру зертханасы негізінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар зерттеледі, арнайы жалпыға білім беру мектептердің білім беру мазмұнына мониторингтік зерттеулер жүргізілуі қарастырылады. Отандық ғалымдар (А.А.Айдарбекова, Г.И.Елисеева және т.б) мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін анықтайтын стандартталған бағалау тәсілдері мен инстументарийді құрастыру маңыздылығын атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды инклюзивті мектептерде оқыту шарттарын құрастыру мен бекіту қажеттілігі, мониторингтік зерттеулерді жүргізу мәселелері де көкейкесті болып табылады.
Инклюзивті сыныпта мұғалім оқушыларға білімдерді меңгеруге мүмкіндік жасайды, қажет болғанда жаңа оқу материалын түсіндіруде бағыттайды (имплитциттік бағыт). Арнайы педагог психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде оқушының жүктемесін өзіне аударып, онымен түзету бағытында жұмыс жүргізеді (эксплициттік бағыт).
Мерсер Лейн, Джордан мен Эйзилдердің ойынша, мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты сыныпта оқығанда екі бағытта іске асырылады – имплициттік те және эксплициттік те.
Мұғалімге қалыпты сыныптағы баланың оқу мақсаттары, оның күнделікті сынып жұмысына қатысу сапасы қандай екендігін білу маңызды. Мақсаттар оқу приоритеттеріне тәуелді болады және де мазмұны, талаптары, баладан күтілетін әрекеттер, жылдамдық пен бағалау критерийлері бойынша модификациялануы мүмкін.
Белгілі жағдай – өзіндік жұмысқа акцент жасалатын сыныпта, кіші топтардағы, мұғалімнің көмегіне бағытталып, тығыз байланыста жүргізілетін жұмысқа қарағанда, мүмкіндігі шектеулі балалардың үлгерімі төмен. Барлық оқушылар оқытудың интерактивті тәсілдері арқылы жүргізілетін жұмысқа белсенді қатысулары керек.
Мұғалім баланың жаңа материалды меңгеру стиліне және оның қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс, керісінше емес. Оқыту процесін де, бағдарламаны да баланың қабілеттерімен байланыстыру қажеттілігін түсінетін мұғалім инклюзивті сыныпта жұмысты қалай жүргізу қажет екендігін біледі. Инклюзивті сыныптың мұғалімі оқыту процесінде оқушыларына бағытталады. Ол біледі:
1) әр оқушы бағдарламадан маңызды;
2) барлық оқушылардың түрлілігін бағалау қажет;
3) сыныптағы әр бала – оқушы;
4) балалар жеке емес, бірге оқығанда жетістіктерге жетеді;
5) мұғалім балалардың пайдасына бағдарламаға өзгерістер енгізе алады;
6) жұмыстың нәтижесі – бала меңгерген оқу материалы.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыста баланың әлеуметтік–психологиялық жайлылығын қамтитын технологияны қолдану арқылы оның эмоционалдық күйін, үйде, сыныпта, балабақшада үлкендер және құрдастарымен қарым-қатынасында өз-өзін психологиялық тұрғыдан жақсы сезінуін қамтуға болады.
Инклюзивті білім беруде оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімнің қолындағы оқулықтар маңызды әдістемелік құрал болып табылады. Бейімделген оқулықтар келесі міндеттерді атқарады:
1) альтернативті форматты, бірақ бірдей мазмұнды немесе оқуға оңай, оқулықтармен қамту;
2) оқушылар бір сәтте мәтінді тыңдап, оқуға болатын аудио-оқулықтармен қамту;
3) оқулықтардың тарауларының қысқаша мазмұнын ұсыну;
4) жоғары деңгейде оқуға қызықты материалдармен қамту;
5) маңызды мәліметті белгілеу үшін маркерлер қолдану;
6) мектептік және үй тапсырмаларын орындауға арналған кітаптардың екі топтамасымен қамту;
7) маңызды тақырыптарды жазуға арналған есеп-карточкаларын қолдану;
8) мәтінді оқуға дейін талқылауға сұрақтар тізімін ұсыну;
9) дұрыс жауаптарды табу үшін парақтардың нөмірлерін көрсету;
10) көрмейтіндерге (соқырларға) арналған Брайль әліппесімен немесе нашар көретін балаларға арнап үлкен шрифтпен басылған альтернативті оқулықтармен және оқу материалдарымен қамту.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқыту әдістерін де балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай бейімдеу керек. Мұғалімдер балалардың психофизиологиялық және тілдік даму ерекшеліктерін ескеріп, жұмыстарында келесі тәсілдерді қолданулары тиіс:
1) жаттығуларды орындауға берілетін тапсырмалардың ауызша және жазбаша түрлерін қолдану;
2) оқу жүктемесіне сай және тапсырмалардың күрделілігіне байланысты оқу тапсырмаларын кезеңдеп түсіндіру;
3) тапсырмаларды кезеңдеп орындау;
4) оқытудың аудио-бейнелік техникалық және көмекші құралдарымен қамту;
5) орындалған тапсырманы көрсету (мысалы, шешілген математикалық есеп);
6) тапсырманы түсіндіру және орындау кезінде балаларға жақын болу;
7) жылдам толтырылатын жаттығулар парағын қолдану;
8) сөздер/сөйлемдер қалдырылған жаттығуларды қолдану;
9) баспа материалдарын видео және диафильмдермен толықтыру;
10) тақтада жазылған тапсырмалардың басылған көшірмелерімен оқушыларды қамту;
11) оқушылардың жауаптарын жазып алу үшін диктофонды қолдануға рұқсат алу;
12) оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін қолдану.
Оқу процесін бейімдеуде әдістемелік тәсілдер ретінде мұғалімдерге келесі тәсілдерді ұсынуға болады:
1) оқулықтарда тапсырмаларды сараптап, белгілеу;
2) әр тапсырма бойынша кері жауаптың алынуын қамту;
3) оқу барысын жеңілдету үшін сызғышты пайдалану;
4) ұзақ мерзімді тапсырмалар туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, балалар талаптарды алдын-ала білуі тиіс;
5) ұзақ мерзімді тапсырмаларды кезеңдеп орындау, күнделікті тексеру мен бақылау жүргізу;
6) орындалған тапсырманы алдымен кіші топта, соңынан сыныптың алдында талдау;
7) тапсырмалар парағын барлығына бірдей уақытта тарату;
8) тапсырманы ең оңай бөлігінен бастап, кезеңдеп орындау;
9) тестті орындау барысында көмекші сұрақтарды қолдану;
10) тапсырмаларды дәптерге жазу тәжірибесін пайдалану;
11) құбылыстар арасындағы байланыстарды көрсетуге арналған белгілерді пайдалану (тақтада, жаттығу парақтарында).
Инклюзивті мектепті дамыту үшін жалпыға білім беру мектебін өзгертуде келесі іс-әрекеттер қарастырылады:
1) ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша қызмет және қолдау көрсетуді қарастыратын оқу жоспарын, құрастыру;
2) теориялық білімдер жалғыз ғана мақсат болып табылмайды, оқу мазмұны баланың тәжірибесі, түрткілері мен оның өзіндік дамуына қосылуына негізделуі керек;
3) күнделікті оқу процесінде пайда болатын қиындықтарды анықтап, оларды жеңуде балаға қолдау көрсету, әрбір нақты жағдай үшін қарастырылған бағалау процедуралары арқылы баланың жеке даму ерекшеліктеріне жетекшілік жасау;
4) оқу процесінде мұғалім адекватты және қажетті технологияларды қолдануы керек;
5) физикалық кедергілерді жою және баланың мобильділігін, оқуы мен қарым-қатынасқа түсуін қамту үшін техникалық және компенсаторлық көмекші құралдарды қолдану.
Бұл бағытта басты роль және жауапкершілік білім беру ұйымдары мен мектептер басшыларына жүктеледі. Олар басқару процедураларын дамытып, бағдарламаларды, оқытудың түрлі қалыптарын және білім мен дағдыларын бағалау әдістерін, балалардың бір-біріне көмек беруін мобилизациялауды, кедергілерді жоюды, мектеп пен қоғамның, ата-аналардың арасында өзара тығыз байланыстарды қамтуға арналған нұсқау-әдістемелік материалдарды қайта қарастырулары қажет. Жергілікті орындау ұйымдары жалпыға білім беру мектептерінде инклюзия процестерінің дамуына жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытып, инклюзия тәртібінде жұмыс жасайтын мектептерге қолдау көрсетулері міндетті.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеру мәселесін нәтижеге бағытталған білім беру модельдерін енгізу арқылы шешуге болады. Білім берудің жаңа парадигмасының бейнесі ретінде нәтижеге бағытталған, білім беру моделінің мақсаттары мен мазмұны компетенциялар түрінде ұсынылған, күтілетін нәтижелерге негізделеді. Даму бұзылыстары бар балаларға жоғары деңгейлі оқу жетістіктеріне қол жеткізуге түрлі деңгейлерде оқытуды енгізу, білімдерді бағалауда жаңа бағыттарды іске асыру мүмкіндік береді.
Батыс Еуропа мемлекеттерінің, АҚШ және басқалардың жағымды тәжірибесі дәлелдеді: оқу процесінің мұндай қайта қарастырылуы (бейімдеу мен модификация) әр баланың жекетұлғалық, әлеуметтік және интеллектуалдық өсуін қадағалап, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарын уақытылы анықтап, жетістіктер деңгейін нақтылауға көмек береді (Р.А.Сулейменова, А.Т.Баймұратова).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет