61
Анықтамалар мен қысқартулар
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар)
–
денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп
жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша
білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.
Білім алу үшін арнайы жағдайлар
–
ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу
және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу
бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды,
тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де
көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар.
Инклюзивті білім беру
– ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына
тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Әлеуметтену -
әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды игере
отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік
беретін білім, құндылықтар мен нормалардың белгілі бір жүйесін меңгеретін
және көрсететін барлық әлеуметтік процестердің жиынтығы.
Психологиялық-педагогикалық қолдау
– әр баланың мүмкіндіктері
мен қажеттіліктеріне сәйкес нәтижелі оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын мамандардың
тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін көрсететін балаға оқу-тәрбие
процесіндегі көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі.
Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы
– бұл оқушыға
көмек көрсетудің бірыңғай стратегиясын жасау үшін ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды
жүзеге асыратын білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттестігінің
формасы.
Достарыңызбен бөлісу: