30
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы
Мектепке кіру баспалдақтан басталады, бұл тірек-қозалысаппараты
бұзылған, бір жерден келесі жерге бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және
басқа да құралдарды қолданатын балалар үшін қатаң немесе алынбайтын
кедергі болып табылады. Пандус неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс,
яғни оқушы арбамен өз бетінше көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені
– 90 см. кем емес, пандустың ең қажетті ерекшелігі оның екі жағынан
орнатылатын қоршағыш бүйірі және тұтқалары болып табылады.
Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай ашылуы немесе кіре беріс
қоңыраумен жабдықталуы тиіс. Есік ойығының ені 80 – 85 см. кем болмауы
тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға көтеріле алуы үшін, лифт
қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы көтергіш құрылғылар
орнатылуы қажет.
Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын
бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге
немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе
арнайы бөлме бөлу қажет.
Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер үшін арнайы дәретхана
кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем болмауы тиіс, кабинада
унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және арбадан унитазға ауысып
отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. Кабина тұтқалармен,
штангалармен және т.б. арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. Арбадағы
бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының бұрылу
есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және т.б.
сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса)
партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның
алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, тақтаның
жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек ілінуі
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: