21
байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы,
адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. Зағиптардың
естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы
заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе
көрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен
қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін байқатады.
Бұл өз
кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни
қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша
оқып және жазып үйренуін тежейді.
Нашар көретін балалардың көруінің төмендеуі танымдық іс-әрекетіне
кері әсер етеді, қабылдау процесінде көзбен шолуының тарлығы,
нақтылығының төмендеуі байқалады. Нашар көретін балалардың көру
елестері нақты емес, бұрмаланып қалыптасқан. Оларда үнемі кеңстікте
бағдарлауының қиындығын байқауға болады.
Көру жұмыстары барысында
оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам
шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден
шаршауы ақыл-ойы мен .физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне
әкеліп соғады.
Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту
барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан
артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен төмен
үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ,
ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір
көрінісі болып табылады.
Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің
есту қабілеттері
негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар
көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын
жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы
қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған
сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен
жазылған кітаптар қажет. Зағип және нашар көретін
балалардың сенсорлық
тәжірибесі процесін қалыптастыруда олардың танымдық іс-әрекетін, тұлға
болып қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтік-
педагогикалық түзету құралдарын, физикалық дамуын түзететін емдеу-дене
шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді. Зағип және нашар көретін
балалар үшін дұрыс ұйымдастырылған жүйе, мазмұн, әдістеме және оқыту,
тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшін тұстарынының маңызды
өтем құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: