Диагностикалау өзара байланысқан екі бағытпен сипатталады: айырып тану және бақылау қабілеттілігі теориясы.
Ажыратып тану теориясы тану алгоритмдерін, шешуші ережелерін және диагностикалық модельдерді құруға байланысты тараулардан тұрады.
Бақылау қабілеттілігі теориясы диагностикалық ақпараттарды алу, автоматтандырылған бақылау және ақаулықты іздеу әдістері мен құралдарын әзірлеуден тұрады.
Техникалық диагностиканы сенімділік теориясының бір бөлімі ретінде қарастыруға болады.