ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ
Қашықтықтан оқыту
білім берудің заманауи түрі болып табылады.
Қашықтықтан оқыту әдісінің мәні оқу үрдісін қашықтықтан нақты уақыт режимінде жүзеге асыру болып табылады Оқушы мен мұғалім интернет-байланыс арқылы сөйлеседі, мұғалім білім береді, ал оқушы білім мен тапсырмаларды алады, орындалған жұмыстарды тапсырады. Бұл жағдайда мұғалім оқушыдан кез келген қашықтыта бола алады.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
- Эпидемия кезінде немесе ауа-райының қиын жағдайларында сабақтар өткізу мүмкіндігі;
- Өздігінен оқу, қосымша білім алу мүмкіндігі;
- Қол жетімділігі қиын аудандарда, мүгедектер үшін сабақтарды ұйымдастыру мүмкіндігі;
- Оқытудың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
- Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі және жауапкершілігі;
- Әр оқушыны оқытуда жеке тіл табысу;
- Оқыту уақытына адал көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |