Инновациялық технологиялар арқылы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың шығармашылын жетілдіру



бет1/2
Дата04.12.2022
өлшемі30,56 Kb.
#54672
  1   2
Байланысты:
Байсұлтанова Гулбаахор


Инновациялық технологиялар арқылы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың шығармашылын жетілдіру

Байсултанова Гульбахор Охаповна


Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы
колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы


Түйін: Мақалада оқушыны отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлінеді. Білім беру стратегиясына сай заманауи технологияларды қолдану қажеттігі, білім саласын нығайту туралы айтылады. Сонымен қатар, бүгінгі ұрпақтың өзге ұлт өкілдерімен әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз ұлтының өресі биік маманы болуына ұстаздардың аянбай күш-жігер жұмсау қажеттігі көрсетілген.
Кілт сөздер: отансүйгіштік, бүгінгі ұрпақ, насихат, ұлттық тәрбие, парыз, әлемдік деңгей.


Резюме: В данной статье раскрываются основные направления формирования духовно - патриотического воспитания, используя современные технологии образовательных стратегий и инноваций. Наряду с этим примененяя практический опыт работы инициативных педагогов рассматриваются аспекты обучения в воспитании конкурентно-способного специалиста международного уровня.
Ключевые слова: патриотическое воспитание, образовательная стратегия, инновация, специалист, современная технология.


Abstract; The article is considered with the main basics ob developing of more and patriotic education using modern technologies education strategies innovations.
Side by side with the ashes ob education of highly qualified specialist of international level are disurned.

Қазақстанда бүгінгі таңда болып жатқан трансформациялау шарттары мен әлемдік еңбек нарығының жоғары талаптарының көкейкесті мәселелерінің бірі - бәсекеге қабілетті 50 елдің арасынан өз орнын белгілей алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Жалпы білім беру орындарында білім беру саласының ең өзекті міндеттері білім беруде жоғары сапаға қол жеткізу болып табылатыны сөзсіз.


Білім беру деңгейі – мемлекет пен қоғам дамуының жетістіктері. Барлық дамыған мемлекет пен қоғамдарда экономикалық прогресc пен әлеуметтік-саяси тұрақтылықты орнату негізінде білім беру саласын дамытуға ұмтылыс жасалады. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында: «Бізде білім беру жүйесінің заманауи құрылымы экономикалық сұраныстар мен қоғамдық модернизация талаптарына сай болуы тиіс», деп атап көрсеткендей, біздің мемлекетіміздің стратегиялық міндеті – он жыл ішінде елу дамыған елдердің қатарына қосылу. Ал, бұл елдер қатарына қосылу жолдары Бүкіләлемдік экономикалық форум рейтингі бойынша Индекс негізінде анықталады. Индекстің он көрсеткіші бойынша екі көрсеткіш белгілері мемлекеттің білім беру саласының дамуы мен сапасына қатынасымен айқындалады. Сондықтан да, бұл елу дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында еліміздегі білікті жас ұрпақты даярлау жүйесінің сапасын жоғары деңгейге көтеру міндеттері тұр.
Инновациялық технологиялар ұғымына түсінік беретін болсақ, көптеген түсіндірме, аударма сөздіктерде, энциклопедияларда, орысша-қазақша сөздікте бұл ұғымға «инновация – жаңалық енгізу, жаңарту» деп анықтама берілген. Энциклопедиялық сөздікте «инновация» сөзінің – «жаңарту», деген баламасы беріледі.
«Технология» ұғымын «білім беру» түсінігімен байланыстыра қарастырсақ, ол – «белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, шеберлер, тәлімгерлер, т.б. жетекшілігімен жүргізілетін білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісі» болып табылады. Білім берудің инновациялық технологиясы түсінігінің анықтамасын былай тұжырымдауға болады:

  • жалпы білім берудегі білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, жан-жақты дағдыларды үйрету үдерісі;

  • білім беру, өзін-өзі бақылау үдерістерін қажетсініп, оларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы, сонымен қатар т.б. іс-шараларды жүзеге асырады.

Жаңа инновациялық технологиялар құралдарын білім беру мақсатына қолдануды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік, нормативті-техникалық және ұйымдастыру-инструктивтік материалдары бар, сонымен бірге мұны білім беруді ақпараттандыру құралдары жасайды.
А.В.Шолоховичтің «оқытудың ақпараттық технологиялары» ұғымын анықтауға әр түрлі тұрғыдан жүргізген талдауы көңілге қонады. Бұл анықтамадан мазмұндық тұрғыдан инновациялық технологиялар білім беруде ақпараттандыру құралдары қолданылатын жоспарлы және саналы түрде ұйымдастырылған оқыту үдерісін қарастырумен шұғылданатын дидактиканың саласы болып табылатынын байқауға болады.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларын шығармашыл тұрғыда даярлайтын бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдістері бойынша білім орындарын инновациялық технологиялардың жаңаша әдістемелерімен толықтыруға мүмкіндік туып отыр.
Ал бүгінгі таңда оқу орындарындағы білім беру үдерісінде жиі қолданылатын инновациялық технологиялардың талдау негізінде анықталған мынандай түрлерін көрсетуге болады. Олар:

  • білім беру технологиялары;

  • заманауи білім беру технологиялары;

  • білім берудің интерактивті әдістері;

  • білім беру мазмұнындағы компьютерлік технологиялар жүйесі;

  • мультимедиялық технологиялар;

  • ақпараттық, білім ортасына байланысты түсініктемелер.

Бұл аталған инновациялық технологияларды білім беру мазмұнында тиімді пайдалану арқылы сабақтың сапасын арттырумен қатар оқушылардың жалпы пәндерге деген қызығушылығын, белсенділігін жетілдіру қажет.
Сонымен, инновациялық технологиялар түсінігі білім беру технологиясының жаңаша түрлерін еңгізудің іргелі жолдарын жасақтаудағы ең басты ұстаным деуге болады. Инновациялық технологиялар пәнаралық байланыс негізінде мектеп оқушыларының шығармашылығын жетілдіру мәселелерінің шешімін табуда үлкен рөл атқарады.
Білім беру үдерісіндегі ең маңыздысы – қызметтік іс-әрекеттің жүйелілік жағы болуы тиіс, ол барлық жалпы пәндерді оқытудың бірыңғай әдістемелік негізі ретінде қарастырылады. Мұның бәрі оқытудың жаңа әдістемелерін үйренумен, мектеп оқушыларының өз бетінше дайындық жұмысына үлкен мән берумен ерекшеленеді және шығармашылық ізденіс жұмыстарын нәтижелі жүргізудің арқасында қол жеткен өнімді шығармашылық жетістіктермен сипатталады.
Білім беру үдерісіндегі ең маңыздысы – қызметтік іс-әрекеттің жүйелілік жағы болуы тиіс, ол барлық жалпы пәндерді оқытудың бірыңғай әдістемелік негізі ретінде қаралады. Білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік кешенді ұйымдастыру педагогикалық үдерістің оқыту, дамыту және тәрбиелеу қызметтерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Интеграциялық қызметтің мән-мағынасы мынада: оқу-әдістемелік кешенді ұйымдастырудың арқасында білім берудің мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері жүйелілік белгілеріне ие болады және оқушы мен оқытушы ара-қатынастарының үйлесімін танытады.
Білім беру үдерісінде өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыра білудің мәні ерекше. Мұнда оқушылардың белсенділігі, олардың өзара және оқытушылармен қарым-қатынастарына үлкен мән беріледі.
Ал мұны мектеп оқушыларын оқытудың, тәрбиелеудің құралы ретінде де қарастыруға болады.
Инновациялық білім беру технологияларының ішінде пәнаралық байланыс негізінде мектеп оқушыларының шығармашылығын жетілдіруде ең тиімді орын алатындары: диалогтік дәріс, пікір алмасу, рөлдік және иммитациялық ойындар, тренингтер, шеберлік кластарын ұйымдастыру, көрмелер ұйымдастыру, түрлі тест тапсырмаларын орындау.
Оқушылардың қажеттіліктері мен сұраныстарын үнемі ескеріп отыру үшін оқытушы өз қызметін сабақтың мотивациялық құрылым бөліміне сай жүзеге асыру қажет: олардың сабақ үстіндегі ынтасын, белсенділігін арттыру; оқу қызметінің мән-мағынасын жан-жақты түсіндіру; сабақтың мақсатын оқушылармен бірге отырып белгілеу; мақсатқа жету барысында жетістікке жететіндей жағдайды туғыза білу; өз қабілетіне деген сенімдері мен жағымды көңіл-күйлерін дер кезінде қолдай білу; оқу үдерісінде күтілетін нәтижелерді қолдау.
Оқудың жоғарыда аталып өткен құрылымдарының барлығы да жан-жақтылығымен сипатталатын әдістемелік құрылым бөлімдерінің арқасында оқытушының практикалық қызметінде жүзеге асырылып отырады. Ондағы элементтердің санын, олардың қолдану ретін оқытушы оқушыға білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен сабақтың жалпы дидактикалық құрылымына негіздей отырып айқындайды.
Пәнаралық байланыс жүйесінде өз тиімділігін, нәтижесін беретін инновациялық сабақтарды ұйымдастыру тәсілі жағынан сұрыптап, бірнеше топтарға бөліп алайық. Олар:

  • ойын сабақтары: түрлі тақырыптағы сайыстар, іскерлік ойындар, викториналық сұрақтар;

  • ресми-іскерлік қағаздар, көркем әдеби стильдерін меңгерудегі түсіндірме, талдау жүргізуге негізделген сабақ формалары;

  • оқу материалдары дәстүрлі емес жолдарға негізделген сабақ формалары: жаңалықтар айнасы, жарнама өнімін жариялау, көрме, әдеби-музыкалық кеш, сахналық көрініс, баспасөз конференциясы, өзін-өзі таныстыру;

  • мәдени қарым-қатынастарды жүзеге асыруға арналған сабақ түрлері: мәлімдеме жасау, сұхбат жүргізу, ауызша журнал.

Сабақтың мұндай формалары оқушылардың шығармашылығын жетілдіру жұмыстарында кездесетін күрделі жағдаяттарды өз бетімен шешім қабылдай білуге, іскерлік ойындарда белсенділік танытып, өз білімі аясындағы толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салу шеберлігін, шығармашылық, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға өз септігін тигізіп, олардың арнайы шығармашылық қабілетін арттыра түседі.
Мектеп оқушыларына пәнаралық байланыс арқылы білім берудегі негізгі факторлардың бірі - өз бетінше жауапты шешім қабылдау қабілетін дамыту, өз білімін толықтырып отыру, қарым-қатынастық, топпен біріккен іс-әрекеттерді орындауда біліктілік, қабілеттілік, жауапкершілік сынды қасиеттердің қалыптасуы. Аталған қасиеттерді білім беруде жүйеге келтіріп, тиісті жағдай жасаған кезде ғана нәтижелі табыстарға жетуге болады. Сонда оқушылар да әлеуметтік қоғам сұраныстарына сай қасиеттерін танытуға талпыныс жасай алады. Мұндай жағдайда оқытушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытып отыру – басты міндет. Сонымен, пәнаралық байланыс негізінде мектеп оқушыларының шығармашылығын жетілдіру мазмұны олардың білімдері мен біліктілігін қалыптастырумен және бүгінгі қоғам талаптарына сәйкес бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуімен айқындалады.
Білім берудің басты сипаттары – оның тұтастығы, бірізділігі сақталып, оқытудың мазмұны мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптардың орындалуы.
Инновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың төмендегідей педагогикалық мақсаттары жүзеге асады:

  • инновациялық технологиялар арқылы берілген мағлұматтар арқылы оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы шығармашыл ойлау қабілетін өрістетуге бағыттау;

  • пәнаралық байланыс негізінде шығармашылық мәдениетін қалыптастыру;

  • бірлескен жобалар негізінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

  • оқушыларды қиын жағдайларда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыру;

  • инновациялық технологиялар құралдарын пайдалануда оқушылардың шығармашылық, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Білім беру үдерісінің барлық деңгейлерін түрлендіруге мүмкіндік береді:

  • инновациялық білім беру мазмұнының сапасын көтеру;

  • оқушылардың шығармашылық, танымдық іс-әрекет белсенділігін арттыру.

Инновациялық технологиялар негізінде білім беру мазмұнында оқу, мәдени және ғылыми ақпараттар жүйесін тиімді пайдалану педагог пен оқушының қарым-қатынасын жеңілдетеді.
Мектеп оқушыларының шығармашылығын жетілдіру бағытында «Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы бойынша «Орхон Енисей ескерткіштері» сабағы көне ескерткіштерді, түрік жазбаларының әдеби көріністерін зерделейді. Бұл арада оқытушы мультимедиалық технологияны тиімді қолдана отырып, оқушыларға экран арқылы ұсынылған бейнежазба үзінділері арқылы тақырыпты жан-жақты, терең, көңілге қонымды етіп түсіндіре алады.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

  • Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

  • Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

  • Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

  • Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

  • Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

  • Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

  • Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

  • Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.
Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Бұл қосымша арқылы оқушылар түркітануда бүгінгі Монғолия жеріндегі Орхон Енисей ескерткіштері туралы көптеген мәліметтер алады. Бейнежазба арқылы Орхон алқабы сан мыңдаған тарихи ескерткіштерге аса бай өлке екендігіне көз жеткізеді.Сонымен қатар, Орхон ескерткіштерінің Алтай, Қаңлай, Соян, Кеңтай тау жоталары, Гоби шөл даласы және осы таулы, жоталы, далалы алқаптағы Керумен, Хобда өзендерінің бойында Қырғыз, Қарасу, Қобсы көлдерінің жағауларына дейінгі өңірде сақталғанын тамашалайды. Айта кететін жай, оқушылар бейнежазба көріністерінен әрбір ескерткіштер кешені, тас үйіндісі, тастарда қашалған таңбалар, мәтіндер мазмұны туралы толығырақ мәлімет алады.
Айталық, Күлтегін ескерткіш кешені жалпы Күлтегін өмірбаянына құрылған 68 жол мәтіннен тұратынын байқаймыз. Ал енді Білге қаған ескерткіш кешені қамал туралы да қызықты деректер бар. Білге қаған құрылысының ішкі қабырғаларында суреттер салынған. Деректерге қарағанда, бұл суреттердің өзіндік мәні мен мазмұны бар. Осы қамал құрылысының сыртқы кенересі бойымен 100-ге 55 метр су ағарлар салынған. Ескерткіш көгілдір мәрмәр тастан жасалынған. Білге қаған ескерткіші тасбақа үстіне орнатылған. Оның төбесінде үш қос айдаһар бейнелеген. Бір жақ қапталындағы үшбұрышты шаршысында қаған таңбаларын білдіретін марал, елік, киік бейнелері өрнектелген.
Қорыта келгенде, бул сабақтың қортындысында оқушылар бейне материал арқылы көне тарихи ескерткіштердің мазмұндық сипаттамасын жете түсінді. Демек, осындай сабақтардың құрылымы мен мазмұны оқушыларды шығармашылық жұмыстар орындауда сана сезімін, ойлау қабілетін, көне ескерткіштердің құндылығын бағалай білуге дағдыландырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет