Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылықжəнешығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді.
- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі жəне орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
- білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
- мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де. Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.
Көптеген мектептер жаңа оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін енгізе бастады. Алайда, мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтердің оны іске асырудағы білімнің жетіспеушілігі арасында алшақтық байқалады. Ал білімді меңгеру деңгейіне қойылатын төр талап бар:
І – оқушылық
ІІ – алгоритмдік
ІІІ – эвристикалық
ІV – шығармашылық
Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модем, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылады.