Сынып жетекші_______________________________
Жетекші бағасы _______________________________
СТУДЕНТТІҢ ЕСЕБІ
Мен Мұхтароава Айжан Қанатқызы, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің 2 курс студенті, 23.01.2023-13.05.2023жж. аралығында Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында үздіксіз(психологиялық-педагогикалық) практикасынан өттім. Іс-тәжірибиемнің мақсаты-Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясындағы сабақ беру қызметінің жұмыс бағыттарымен, құжаттарды жүргізу ерекшелігімен, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, сонымен қатар педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ерекшеліктерімен танысу болды. Іс-тәжірибенің ең алғаш күні практика жетекшісімен бірге психологиялық-педогогикалық практикадан өтетін мектеп-гимназиясына барып танысу шарасы болды. Бізді оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі қарсы алып, әрқайсымызды тиісті сыныптарымызға және де келетін күнімізді белгілі бір апта күніне бөліп берді. Бекітілген сыныптар бойынша мен әр аптаның сейсенбі күні Тәжібай Маржан Нұрмұханқызы сынып жетекшілік еткен 10«Ә» сыныбына, ал География бойынша Сералиев Әсет сабақ беретін 9«Б» және 8«Ә»сыныбына қатысатын болдым. Маған бекітілген сыныптармен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.Мектептегі іс-тәжірибе жетекшілерім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшілерімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым. Іс-тәжірбие кезіндегі қиындық туғызған мәселелер де болды.Атап айтар болсам: алғашқыда балаларға үйрену қиындау болды, алғашқы сабақ өткізер кезде сәл қобалжу болды. Бұл қиыншылықтар жетекшілердің көмегімен шешілді. Балаларды тәрбиелеу әрі қызық, әрі қиын екеніне көз жеткіздім және өзімді әлі де жан жақты жетілдіру керек екендігін түсіндім. Іс-тәжірбиемнің мақсаты- жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерімді тереңдету және бекіту, алған білімдерін іс-жүзінде, оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын бақылауда және талдауда біліктіліктермен, іскерліктермен қаруландыру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың психология және педагогика ілімдеріне сүйене отырып- жас және жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенділігін пайдалана отырып, іс-тәжірбие жетекшімнің әр түрлі оқыту әдістерін үйреніп, болашақ
педагог-психологтың өмірімен танысу. Оқу іс-тәжірбиеден өтер алдында алға қойған мақсаттарым толығымен орындалды, болашақтағы бір маман иесі ретінде жауапкершілікті сезіндік. Оқу іс-тәжірбиені қорытындылай келе оқушылармен жұмыс істеу кезінде жүктелетін міндеттердің көп екеніне және жауапты екеніне тағы да көзім жетті. Бойға жинақтаған тәжірбиелік жұмысым болашақ мамандығыма қолдануға және келешекте жақсы маман иесі болып, психологтың еңбегін атқаруға көп көмегін тигізетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |