Инструкция по эксплуатации 18 інструкція 36 мазмұны 1



жүктеу 488.62 Kb.

бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі488.62 Kb.
түріИнструкция
  1   2   3   4

ESL94201LO

ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА

ПОСУДОМОЕЧНАЯ МАШИНА

ПОСУДОМИЙНА МАШИНА



KK

RU

UK

ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ

2

ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ



18

ІНСТРУКЦІЯ

36


МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6

4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................6

5. БАҒДАРЛАМАЛАР............................................................................................ 7

6. ПАРАМЕТРЛЕР.................................................................................................8

7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................10

8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ...................................................................................... 11

9. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 12

10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 14

11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................15

12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................16

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы

жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны

таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны

жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын

тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.



Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет

көрсету туралы ақпарат:

www.electrolux.com

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:



www.registerelectrolux.com

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және

фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:

www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын

болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.

Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.

 Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты

 Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес

 Қоршаған ортаға қатысты ақпарат

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.



www.electrolux.com

2

1.   САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге

жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау

нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын

алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде



аталған жерлерде қолдануға арналған:

фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер



мен басқа жұмыс орындарындағы

қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;

қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы



аспен қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа

да тұрғынды жерлерде.

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын



өзгертпеңіз.

Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5



(0.05) / 8 (0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек

Ең көбі 9 орыннан асырмаңыз.



Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану

үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету

орталығы немесе сол сияқты білікті маман

ауыстыруға тиіс.

Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының



ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен

қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып



қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.

Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен



ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.

Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды



қолданбаңыз.

ҚАЗАҚ

3

Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су

жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта

пайдалануға болмайды.



1.2 Балалар мен дәрменсіз адамдардың

қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен



денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз

қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның

қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану

бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс

қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.



Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс

ұстаңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй



жануарларын алыс ұстаңыз.

Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын



басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз



немесе іске қоспаңыз.

• Құрылғыны температурасы 0 °C

градустан төмен жерге орнатпаңыз

немесе қолданбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын

қоршаған конструкциялардың

қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Өрт шығу және электр

қатеріне ұшырау қаупі бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Техникалық ақпарат

тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге

хабарласыңыз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған,

қатерден сақтандырылған

розетканы қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен

ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына және

сымына зақым келтірмеңіз. Қорек

сымын ауыстыру қажет болса, оны

міндетті түрде қызмет көрсету

орталығы жүзеге асыруға тиіс.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан

кейін ғана жалғаңыз. Орнатып

болғаннан кейін ашаның қол

жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

www.electrolux.com

4


• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін

сымынан тартпаңыз. Әрқашан

ашасынан тартып суырыңыз.

• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне

сай келеді.

• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған.

Құрылғының 13 амперлік қуат

ашасы бар. Егер қуат ашасының

сақтандырғышын ауыстыру қажет

болса 13 амперлік ASTA (BS 1362)

сақтандырғышын пайдаланыңыз.

2.3 Суға қосу

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір

зақым келтірмеңіз.

• Құрылғыны жаңа құбырларға

немесе ұзақ уақыт қолданылмаған

құбырларға жалғамай тұрып, суын

тазарғанша ағызыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет қолданған

кезде еш жерінен су ақпай

тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген

екі қабат қаптамадан тұрады және

қауіпсіздік клапанымен

жабдықталған.



НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Қатерлі кернеу.

• Су құятын түтіктің сыртқы

қабығының түсі мөлдір. Егер түтікке

зақым келсе, түтіктегі судың түсі

қошқыл болып кетеді.

• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны

дереу розеткадан суырыңыз. Су

құятын түтікті ауыстыру үшін

уәкілітті қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

2.4 Пайдалану

• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға

немесе үстіне шығып тұруға

болмайды.

• Ыдыс жуғыш машинаға арналған

жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш

заттың орамында көрсетілетін

нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе

ішуге болмайды.

• Ыдыстарды бағдарлама

аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.

Ыдыстарда жуғыш зат болуы

мүмкін.


• Бағдарлама орындалып тұрғанда

құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу

шығуы мүмкін.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл

заттарды құрылғының ішіне, қасына

немесе үстіне қоймаңыз.

2.5 Қызмет

• Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті

қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы

бөлшектерді ғана қолдануды

ұсынамыз.

• Уәкілетті қызмет көрсету

орталығына хабарласқан кезде

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген келесі деректердің

дайын болуын қамтамасыз етіңіз.

Үлгісі:


Өнім нөмірі (PNC):

Сериялық нөмірі:



2.6 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу немесе

тұншығып қалу қаупі бар.

• Құрылғыны электр желісінен

ажыратыңыз.

• Қуат сымын кесіп алыңыз да,

қоқысқа тастаңыз.

• Балалар мен жануарлар құрылғыға

қамалып қалмас үшін есіктің

бекітпесін алыңыз.



ҚАЗАҚ

5

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

4

3



7



10

5

6



11 

1

2



1

Үстіңгі бүріккіш түтік

2

Астыңғы бүріккіш түтік



3

Сүзгілер


4

Техникалық ақпарат тақтайшасы

5

Тұз сауыты



6

Ауа саңылауы

7

Шайғыш зат үлестіргіші



8

Жуғыш зат үлестіргіші

9

Ас құралдарының қорапшасы



10

Астыңғы себет

11

Үстіңгі себет



4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

2

1



3

4

1



Қосу/Өшіру түймешігі

2

Бағдарлама индикаторлары



3

Индикатор шамдары

4

Бағдарлама түймешігі



4.1 Индикатор шамдары

Индикатор Сипаттама

Аяқтау индикаторы.



www.electrolux.com

6

Индикатор Сипаттама

Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі

сөніп тұрады.

5. БАҒДАРЛАМАЛАР

Бағдарлама Кірдің

ауқымы

Ыдысты

салу түрі

Бағдарлама

циклдары

Пайдалану көлемі

1)

Ұзақтық

(мин)

Қуат

(кВт)

Су

(л)

 2)

Қалыпты

кірленген



Ыдыс-аяқтар

мен ас


құралдары

• Алдын ала

жуу

• Жуу 50 °C



• Шаю

циклдары


• Кептіру

195


0.88

9.5


Қатты

ластанған

Ыдыс-аяқтар,

ас құралдары,

кәстрөлдер

мен табалар

• Алдын ала

жуу


• Жуу 70 °C

• Шаю


циклдары

• Кептіру

130 - 150 1.0 - 1.2

11 - 13


Қалыпты

кірленген

Ыдыс-аяқтар

мен ас


құралдары

• Алдын ала

жуу

• Жуу 65 °C



• Шаю

циклдары


• Кептіру

100 - 110 1.2 - 1.6

15 - 16

 3)

Жаңа


ластанған

Ыдыс-аяқтар

мен ас

құралдары



• 60 °C бастап

65 °C дейін

• Шаю

циклдары


30

0.8


8

 4)

Барлығы

• Алдын ала



жуу

14

0.1



4

1) Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы,

параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.



2) Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас

құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ

мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).

3) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт

ішінде жақсы нәтиже береді.



4) Бұл тағам қалдықтарының ыдысқа жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шықпас үшін

ыдысты жылдам шаюға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш

заттарды пайдаланбаңыз.

ҚАЗАҚ

7


5.1 Сынақ институттарына

арналған ақпарат

Сынақ өткізуге қажетті барлық

ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға

хат жолдаңыз:

info.test@dishwasher-production.com

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

құрылғының нөмірін (PNC) жазып

қойыңыз.


6. ПАРАМЕТРЛЕР

6.1 Бағдарламаны таңдау

режимі және пайдаланушы

режимі

Құрылғы бағдарламаны таңдау



режимінде тұрғанда, бағдарламаны

орнатуға және пайдаланушы режиміне

кіруге болады.

Пайдаланушы режимінде келесі

параметрлерді өзгертуге болады:

• Су жұмсартқыштың деңгейін судың

кермектігіне сай келтіруге.

• Бағдарлама соңында естілетін

дыбыстық сигналды қосуға немесе

сөндіруге.



Бұл параметрлер өзгерткенше

сақтаулы тұрады.

Бағдарламаны таңдау

режимін қалай орнату керек

Барлық бағдарламалардың

индикаторлары жанса, құрылғы

бағдарламаны таңдау режимінде

тұрады.

Құрылғыны іске қосқанда, әдетте



бағдарламаны таңдау режимі қосылып

тұрады. Дегенмен, бұндай жағдай

байқалмаса, бағдарламаны таңдау

режимін келесі жолмен орнатуға

болады:

Бағдарлама түймешігін құрылғы



бағдарламаны таңдау режиміне

қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.



6.2 Су жұмсартқыш

Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне

және құрылғыға жағымсыз әсер ететін,

судың құрамындағы минералдарды

тазалайды.

Осы минералдың мөлшері неғұрлым

көп болса, судың кермектігі де

соғұрлым жоғары болады. Судың

кермектігі балама шкаламен

есептеледі.

Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың

кермектігіне сәйкес бапталуға керек.

Аймағыңыздағы судың кермектігі

туралы ақпаратты жергілікті су

мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу

нәтижесіне жету үшін су

жұмсартқыштың дұрыс деңгейін

орнату керек.



Су кермектігі

Неміс

градусы (dH

°).

Француз

градусы (°fH).

ммоль/л

Кларк

градусы

Су

жұмсартқыштың

деңгейі

47 -50


84 - 90

8.4 - 9.0

58 - 63

10

43 - 46



76 - 83

7.6 - 8.3

53 - 57

9

37 - 42



65 - 75

6.5 - 7.5

46 - 52

8

29 - 36



51 - 64

5.1 - 6.4

36 - 45

7

23 - 28



40 - 50

4.0 - 5.0

28 - 35

6

19 - 22



33 - 39

3.3 - 3.9

23 - 27

1)



www.electrolux.com

8

Неміс

градусы (dH

°).

Француз

градусы (°fH).

ммоль/л

Кларк

градусы

Су

жұмсартқыштың

деңгейі

15 - 18


26 - 32

2.6 - 3.2

18 - 22

4

11 - 14



19 - 25

1.9 - 2.5

13 - 17

3

4 - 10



7 - 18

0.7 - 1.8

5 - 12

2

<4



<7

<0.7

< 5

2)



1) Зауытта орнатылған параметр.

2) Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.

Су жұмсартқыштың деңгейін

орнату

Құрылғы бағдарламаны таңдау



режимінде тұруға тиіс.

1. Пайдаланушы режиміне кіру үшін

бағдарлама түймешігін 

индикаторы жыпылықтай бастап,

 индикаторы тұрақты

жанғанша басып ұстап тұрыңыз.

2. Бағдарлама индикаторы 

сөніп, 


 индикаторы

жыпылықтай бастағанша күтіңіз.

 индикаторы жыпылықтауын

жалғастырады. 

 индикаторы

ара-тұра жыпылықтаса, ағымдық

орнатылған деңгейді көрсетеді.

• Мысалы, 5 рет жыпылықтау +

үзіліс + 5 рет жыпылықтау = 5-

ші деңгей.



3. Параметрді өзгерту үшін

бағдарлама түймешігін қайта-қайта

басыңыз. Бағдарлама түймешігін

басқан сайын деңгейдің нөмірі

көбейеді. 10-шы деңгейден кейін

қайта 1-ші деңгей басталады.



4. Параметрді растау үшін қосу/

сөндіру түймешігін басыңыз.



6.3 Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар құрылғыда ақау

пайда болған кезде естіледі. Бұл

дыбыстық сигналдарды өшіріп қоюға

болады.

Бағдарлама аяқталған кезде де



дыбыстық сигнал қосылады. Әдетте

дыбыстық сигнал сөндірулі тұрады,

бірақ оны қосуға болады.

Бағдарлама аяқталған кезде

естілетін дыбыстық сигналды

қалай қосуға болады

Құрылғы бағдарламаны таңдау

режимінде тұруға тиіс.



1. Пайдаланушы режиміне кіру үшін

бағдарлама түймешігін 

индикаторы жыпылықтай бастап,

 индикаторы тұрақты

жанғанша басып ұстап тұрыңыз.

2. Бағдарлама түймешігін дереу

басыңыз.


• Индикатор 

 тұрақты


жанып тұрады.

 индикаторы жыпылықтай



бастайды.

3.

 индикаторы сөнгенше

күтіңіз. 

 индикаторы

жыпылықтауын жалғастырады.

• Соңы индикаторы ағымдық

параметрді көрсетеді: Соңы

индикаторы сөндірулі =

Дыбыстық сигнал сөндірулі.

4. Параметрді өзгерту үшін

бағдарлама түймешігін басыңыз.

• Соңы индикаторы қосулы =

Дыбыстық сигнал қосулы.



5. Параметрді қосу/сөндіру

түймешігін басып растаңыз.



ҚАЗАҚ

9

7. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Су жұмсартқыштың ағымдық

деңгейінің сумен жабдықтау

жүйесіндегі судың кермектігіне

сай келетініне көз жеткізіңіз.

Егер сай келмесе, су

жұмсартқыштың деңгейін

реттеңіз.

2. Тұз сауытын толтырыңыз.

3. Шайғыш зат үлестіргішін

толтырыңыз.



4. Су құятын шүмекті ашыңыз.

5. Құрылғының ішінде өндіру

барысында қалуы мүмкін қалдық

заттарды тазалау үшін

бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш

затты қолданбаңыз және

себеттерді толтырмаңыз.

Бағдарламаны бастаған кезде, су

жұмсартқыштың ішіндегі шайырды

қайта толтыру үшін шамамен 5 минут

уақыт кетеді. Құрылғы жұмыс істемей

тұрған тәрізді көрінуі мүмкін. Жуу

циклы осы үдеріс аяқталғаннан кейін

ғана басталады. Бұл әрекет ара-тұра

қайталанып тұрады.



7.1 Тұз сауыты

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Ыдыс жуғыш машиналарға

арналған арнайы тұздарды

ғана пайдаланыңыз.

Тұз су жұмсартқыштың ішіндегі

шайырды толтыру үшін және

күнделікті жуу нәтижесін

қанағаттанарлық ету үшін

қолданылады.

Тұз сауытын қалай толтыру

керек

1. Тұз сауытының қақпағын сағат

тілінің бағытына қарсы бұрап

алыңыз.

2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз

(ең алғаш қолданғанда ғана).



3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина

тұзынан салыңыз.



4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды

тазалаңыз.



5. Тұз сауытын жабу үшін тұз

сауытының қақпағын сағат тілінің

бағытымен бұраңыз.

Тұз сауытын толтырған

кезде одан су және тұз ағуы

мүмкін. Тот басу қауіпі бар.

Бұндай жағдайға жол

бермеу үшін тұз сауытын

толтырғаннан кейін

бағдарламаны бастаңыз.



7.2 Шайғыш зат үлестіргішін

толтыру


A

B E

D

C

www.electrolux.com

10

M

AX

1

2

3

4

+

-

A

B

D

C

E

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Ыдыс жуғыштарға арналған

шайғыш заттарды ғана

пайдаланыңыз.



1. (D) босату түймешігін басып,

қақпақты (C) ашыңыз.



2. Шайғыш затты (A) бөлігіне "max"

деңгейіне жеткенше салыңыз.



3. Төгіліп қалған шайғыш зат қатты

көпіршімес үшін сіңіргіш

шүберекпен тазалаңыз.

4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату

түймешігінің бекіту қалпына

қойылғанына көз жеткізіңіз.

Шайғыш зат үлестіргішін (E)

индикаторы мөлдір болған

кезде толтырыңыз.

Үлестіру мөлшерін реттеу

тетігін (B) 1 (ең аз мөлшер)

және 4 немесе 6 (ең көп

мөлшер) аралығына қоюға

болады.



  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал