ENN3153AOW
KK
Тоңазытқыш-мұздатқыш
Қолдану туралы нұсқаулары
2
RU
Холодильник-морозильник
Инструкция по эксплуатации
25
UK
Холодильник-морозильник
Інструкція
50
МАЗМҰНЫ
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. OPERATION.......................................................................................................6
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ............................................................................................ 9
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ........................................................................................ 9
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 12
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 13
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................14
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 17
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................22
11. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ............................................................................................ 23
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар
бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны
таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны
жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын
тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.
Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет
көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com/webselfservice
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және
фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты
Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
www.electrolux.com
2
1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау
нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын
алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты
келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
•
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз
қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның
қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану
бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс
қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
•
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
•
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
•
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
•
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
–
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
–
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және
басқа тұрғынды жерлерде
•
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,
ашық ұстаңыз.
ҚАЗАҚ
3
•
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе
механикалық құралдарды қолданбаңыз.
•
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
•
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды
өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
•
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
•
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
•
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында
кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл
майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін
қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе
пештерге, тұмшапешке немесе
пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға
қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура
түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте
суық, құрылыс алаңдары, гараж
немесе шарап жерқоймасы тәрізді
жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде,
еденді сызып кетпес үшін алдыңғы
жағынан көтеріңіз.
www.electrolux.com
4
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен
ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым
келтірмеңіз (мысалы, ашасына,
сымына, компрессорға). Электр
бөлшектерін ауыстыру үшін қызмет
уәкілетті көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан
кейін ғана жалғаңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
2.3 Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу,
электр тоғының қатеріне
ұшырау немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды
мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
Себебі сусынның ыдысында қысым
пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның
орамындағы тағам сақтау
нұсқауларын орындаңыз.
2.4 Күту менен тазалау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
ҚАЗАҚ
5
2.5 Құрылғыны тастау
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғы
ішіне қамалып қалмас үшін есікті
ағытып алыңыз.
• Құрылғының салқындатқыш жүйесі
мен изоляция материалдарының
озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында
тұтанғыш газ бар. Құрылғыны
қоқысқа дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу
алмастырғышқа жақын орналасқан
жеріндегі бөлігіне зақым
келтірмеңіз.
3. OPERATION
3.1 Басқару панелі
MODE
˚C
1
2
3
4
5
6
1
ON/OFF тетігі
2
Мұздатқыш температурасын
реттеу тетігі
3
Тоңазытқыш-мұздатқыш
температурасының индикатор
түймешігі
4
Дисплей
5
MODE және Ескерту сигналын
бастапқы қалпына қою қосқышы
6
Тоңазытқыш температурасын
реттеу тетігі
3.2 Дисплей
A
B C
D
E
F
G
A) Тоңазытқыш бөліктің индикаторы
B) Мұздатқыш бөліктің индикаторы
C) Оң немесе теріс температура
индикаторы
D) Температура индикаторы
E) FastFreeze функциясы
F) Shopping функциясы
G) FreeStore функциясы
3.3 Іске қосу
Құрылғы ашасын розеткаға қосқан соң
бейнебет жанбаса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
Құрылғы іске қосыла салысымен
басқару панелінде келесі шамдар
пайда болады:
• Оң немесе теріс температура
индикаторы температураның
нөлден жоғары екенін көрсетеді.
www.electrolux.com
6
• Температура көрсеткіші
жыпылықтап, бейнебет фоны қызыл
түске енеді де, сигнал естіледі.
MODE түймешігін басыңыз, сигнал
өшеді (сонымен қатар, "Жоғары
температураны ескерту сигналы"
тарауын қараңыз). Қажетті
температураны орнатыңыз
("Температураны реттеу" тарауын
қараңыз).
3.4 Сөндіру
Құрылғы ON/OFF түймешігін 1
секундтан астам басқанда сөнеді.
Осыдан кейін температураның -3 -2 -1-
ден басталатын кері санағы
көрсетіледі.
Құрылғы сөнген кезде. Дисплей сөнеді.
3.5 Тоңазытқыш бөлікті
сөндіру
Тоңазытқыш бөлікті сөндіру үшін
Тоңазытқыш температурасының тетігін
сағат тілінің бағытына қарсы "O"
қалпына дейін бұраңыз.
Тоңазытқыш бөлік жабылғаннан кейін
мұздатқыштың температурасы ғана
көрсетіледі.
Бұндай жағдайда мұздатқыш бөліктің
ішіндегі шам сөніп тұрады.
Тоңазытқыш бөлік жұмыс істей береді.
3.6 Температура индикаторы
Тоңазытқыш-мұздатқыш
температурасының индикаторы
басылған сайын бейнебетте бірінен
кейін бірі көрсетіледі:
1. • Тоңазытқыш бөліктің
индикаторы қосулы.
• Бейнебетте тоңазытқыштың ең
соңғы орнатылған
температурасы көрсетіледі.
2. • Мұздатқыш бөліктің индикаторы
қосулы (қалыпты жағдайларда).
• Бейнебетте мұздатқыштың ең
соңғы орнатылған
температурасы көрсетіледі.
3.7 Функциялар мәзірі
MODE түймешігін әр басқан сайын
төмендегі функциялар сағат тілінің
бағытымен іске қосылады:
• FastFreeze функциясы
• Shopping функциясы
• FreeStore функциясы
• символ жоқ: қалыпты жұмыс.
Сіз бір функцияны ON кез
келген уақытта орнатып,
OFF функциясын MODE
түймешігін ешбір белгі
көрсетілмегенше бірнеше
рет басып орнатыңыз.
3.8 Температураны реттеу
Құрылғының ішіндегі температура
Температура тетігінің көмегімен
басқарылады.
Тоңазытқыш бөліктің температурасын
Тоңазытқыш температурасының
тетігімен реттеуге болады және ол
+2°C және +8°C градус аралығы
шамасында болады.
Мұздатқыш бөліктің температурасын
Мұздатқыш температурасының
тетігімен реттеуге болады және ол
-15°C және -24°C градус аралығы
шамасында болады.
Тағамды дұрыс сақтау үшін келесі
температураларды орнату керек:
• тоңазытқыш: +5°C
• мұздатқыш: -18°C
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
Температура индикаторы ағымдық
орнатылған температураны көрсетеді.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. суықтықты ең жоғары мәнге қою
үшін Температура тетігін сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
2. ең аз суықтық мәніне қою үшін
Температура тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
ҚАЗАҚ
7
Осы екеуінің аралығы
әдетте неғұрлым оңтайлы
температура деп
саналады.
Дегенмен, дәл мәнді
құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға тәуелді
болатынын ескеріп таңдау
керек:
• бөлме температурасы
• есіктің қаншалықты жиі
ашылатыны
• сақталатын тағамның
мөлшері
• құрылғы орналасқан
жер.
3.9 Shopping функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін және
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін Shopping функциясын іске
қосуды ұсынамыз.
MODE түймешігін (қажет болса
бірнеше рет) тиісті белгіше
көрсетілгенше бірнеше рет басыңыз.
Shopping функциясы шамамен 6 сағат
өткенде автоматты түрде сөнеді.
Shopping функциясы орындалып
тұрғанда, тоңазытқыштың ішіндегі
желдеткіш те автоматты түрде іске
қосылады.
Тоңазытқыштың ішіндегі
желдеткіш, бөлме
температурасы (32°C
градустан жоғары) жоғары
болса немесе есікті
ашқаннан кейін
температураны тез
қалпына келтіру үшін,
Shopping функциясы
қосылмай тұрса да
автоматты түрде
қосылады.
Функцияны кез келген
уақытта MODE түймешігін
басып ("Функциялар мәзірі"
тарауын қараңыз)
ажыратуға болады.
3.10 FreeStore функциясы
Бұл функция MODE түймешігін тиісті
белгіше пайда болғанша (қажет болса
бірнеше рет) басқанда іске қосылады.
Сонда желдеткіш үздіксіз жұмыс
жасайды.
Функцияны кез келген уақытта MODE
түймешігін белгішесі көрінбей
кеткенше басып сөндіруге болады.
Егер функция автоматты түрде іске
қосылса, FreeStore белгішесі
көрсетілмейді ("Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз).
FreeStore функциясын іске қосқанда
қуат шығыны артады.
3.11 FastFreeze функциясы
Жаңа тағамдарды мұздату үшін
FastFreeze функциясын іске қосу
керек.
MODE түймешігін (қажет болса
бірнеше рет) тиісті белгіше
көрсетілгенше бірнеше рет басыңыз.
Бұл функция 52 сағаттан кейін
өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта MODE
түймешігін басып ("Функциялар мәзірі"
тарауын қараңыз) сөндіруге болады.
3.12 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камера температурасының
көтерілуі (мысалы, электр қуатының
өшуіне байланысты) төмендегілер
арқылы көрсетіледі:
• температура мәні жыпылықтайды
• мұздатқыш бөлік индикаторы
жыпылықтайды (Мұздатқыш
бөліктің индикаторы / "Есік ашық"
индикаторы)
• дыбыстық сигнал естіледі
• бейнебет қызыл түске енеді
Қалыпты жұмыс режимі орнағанда:
• дыбыстық сигнал өшеді
• температура мәні жыпылықтауын
жалғастырады
• бейнебет қызыл қалпы қалады.
www.electrolux.com
8
Дыбыстық сигналды өшіру үшін MODE/
Ескерту сигналын қалпына келтіру
түймешігін басқан кезде, бөліктің
ішіндегі ең жоғарғы температура
индикаторында бірнеше секунд
көрсетіліп тұрады.
Осы кезде жыпылықтау тоқтайды да,
бейнебет түсі қызыл түстен ақ түске
ауысады.
Ескерту сигналын MODE/Ескерту
сигналын қалпына келтіру түймешігін
басып сөндіруге болады.
Бейнебет тағамды қалыпты сақтау
параметрлері қалпына келгенше
қызыл түспен жанып тұрады.
4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Пештің ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдалану
алдында, іші мен барлық ішкі керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын
қосылған жылы сумен жуып, ондағы
әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе
жеміргіш ұнтақтарды
қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді
жасаңыз:
1. Көрсеткі бағытымен біртіндеп
орнынан алынғанша тартыңыз.
2. Сөрені қажет деңгейге қайта
орнатыңыз.
Ауа дұрыс айналып тұру
үшін, астыңғы есіктің үлкен
сөресін жылжытпаңыз.
5.2 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
ҚАЗАҚ
9
5.3 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FastFreeze функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде
24 сағат бұрын қосыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін
қажетті температураға оралыңыз
("FastFreeze функциясы" тармағын
қараңыз).
FastFreeze функциясын қолдану
уақыты:
шамамен
6 сағат
бұрын
Жаңа тағамды аз-аздан
салу (шамамен 5 кг)
шамамен
24 сағат
бұрын
Тағамды ең көп
мөлшерде салу
(техникалық ақпарат
тақтайшасын қараңыз)
қажет
емес
Мұздатылған тағамды
салу
қажет
емес
Жаңа тағамды күніне аз-
аздан ең көбі 2 кг-нан
салу
5.4 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске
қосқанда, тағамды бөліктерге салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат,
ең жоғары параметрлерге қойып іске
қосыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тағам кенет жібіп кетсе,
мысалы, электр қуатының
ажырауына байланысты,
электр қуаты
"температураның көтерілу"
уақыты кестесінде
көрсетілген уақыттан ұзақ
уақыт сөнсе, жібітілген
тағамды дереу пайдалану
керек немесе пісіріп, содан
кейін қайта мұздату керек
(пісіргеннен кейін).
Достарыңызбен бөлісу: |